Главная Новости Қазақстан, Түрікменстан, Ресей және Иран теміржолшылары тасымал көлемінің ұлғайтуға келісті
30 қаңтар 2025, 16:03 1169

Қазақстан, Түрікменстан, Ресей және Иран теміржолшылары тасымал көлемінің ұлғайтуға келісті

Қазақстан, Түрікменстан, Ресей және Иран теміржолшылары тасымал көлемінің ұлғайтуға келісті

Алматыда Иран Ислам Республикасы, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Ресей темір жолдары" ААҚ және «Туркмендемирёллары» агенттігі темір жолдары өкілдерінің екі күндік кездесуі аяқталды.

Талқылау барысында Болашақ шекаралық станциясы арқылы Қазақстан аумағы бойынша жүктерді тасымалдау қорытындысы шығарылды. 2024 жылы осы бағдар бойынша тасымалдау көлемі 1,6 млн тонна жүкті құрады.  

Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің тартымдылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуде Ресей, Қазақстан, Түркіменстан аумақтары бойынша және ирандық Бендер-Аббас портына дейін тасымалдау үшін қолайлы тарифтік шарттар қаралды.  

Кеңес қорытындысында тараптар осы бағдар бойынша тасымалдау көлемін ұлғайтуға және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында қол жеткізілген уағдаластықтар туралы хаттамаға қол қойылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: