Главная Новости Қазақстанда 1400 шақырымнан астам темір жолы жөнделеді
30 сәуір 2024, 13:34 370

Қазақстанда 1400 шақырымнан астам темір жолы жөнделеді

Қазақстанда 1400 шақырымнан астам темір жолы жөнделеді

ҚТЖ желісінде ауқымды жол жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы 1400 шақырымнан астам магистральды жөндеу жоспарлануда. Өткен жылы осындай үлкен жұмыс көлемі жүргізілді, бұл 2022 жылғы деңгейден екі есе көп.

Наурыз айында басталған жөндеу-жол науқаны барлық өңірлерді қамтиды. Бұл ретте рельс-шпалдық торды толық ауыстыра отырып, 570 км. астам темір жолы күрделі жөндеуден өтеді.

Елдің оңтүстігі мен батысындағы теміржолшылар бірінші болып күрделі жөндеуге кірісті. Жол жаңғырту Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің Арыс – Сарыағаш (32,2 км) аралығында басталды, онда жоспарланған көлемнің 50% орындалды. Сондай-ақ, Арыс - Шымкент учаскесінің 12,2 шақырымы күрделі жөндеумен қамтылады. Наурыз айында Қызылорда бөлімшесінің Аққұм – Талап учаскесінде басталған жұмыстар аяқталды. Ақмая рзд-інен Екпенді рзд-іне дейінгі телімде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бөлімше жоспарында - 43,16 км жолды күрделі жөндеу. Атырау бөлімшесінің 70 шақырымға жуық темір жолы Мұқыр – Жантерек – Кенбай, Жамансор – 377рзд - Мақат, 15 рзд. – Аққыстау – Бақсай  учаскелерінде жаңартылады.     

Кесте бойынша магистральдық желінің Ақтөбе бөлімшесі теміржол магистралін күрделі жаңартуға кірісті. Ағымдағы жылы Ақтөбе теміржолшылары шамамен 78 км жөндейді. Маңғыстау облысында шамамен 39 км жаңғыртылады.

Қостанай өңірі бойынша Қостанай – Жаңа-Есіл және Тобыл - Құсмұрын учаскелерінде 60,7 шақырымнан астам темір жолдарын күрделі жөндеумен жаңарту жоспарлануда. Магистральдық желінің Семей бөлімшесі бойынша осындай көлем (61,1 км) жоспарланған. Павлодар бөлімшесінде Бозшакөл – Уленті, Тасқұдық – Спутник темір жол учаскелерінің 31,5 шақырымы жаңғыртылуда. 24 км жолды сауықтыру бойынша міндеттер қарағандылық теміржолшылар алдында тұр. Жоспарлы күрделі жөндеу шеңберінде үлкен жұмыс көлемі (110 км) магистральдық желінің Ақмола бөлімшесінің шекарасындағы учаскелерде орындалатын болады.

Күрделі жаңартудан басқа, теміржолшылар жолды орташа жөндеуді күшейтеді. Бағыттамалы бұрмаларды өзгертеді. Рельсті тіректерді, рельсті жолдарды және басқа да алдын алу шараларын үздіксіз ауыстырады.

Жол жұмыстары арнайы техниканы қолдана отырып жүргізіледі. ҚТЖ желісінде барлығы 730 астам түрлі машиналар бар: Duomatic, Unimat MF, түзету-ұсақтау-рихтау машиналары, RM-80, RM-2002, "Atlas" рельсті тегістеу пойыздары және т. б.

Инфрақұрылымды жаңғырту және ағымдағы күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу пойыздардың қозғалыс жылдамдығына уақытша шектеулер енгізуді талап етеді. Бұл жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің сақталуына әсер етеді.

Жолды жыл сайынғы жөндеу жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде теміржол инфрақұрылымының сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: