Главная Новости Қазақстанда 2029 жылға дейін 369 электровоз жасалады
05 қазан 2021, 12:13 862

Қазақстанда 2029 жылға дейін 369 электровоз жасалады

Қазақстанда 2029 жылға дейін 369 электровоз жасалады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен француздың Alstom компаниясы арасында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған кезекті келісімге қол қойылды. Құжат әріптестікті, әсіресе цифрлы технологияны дамытуға бағытталған. Елімізде 11 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ЭҚЗ зауытымен арадағы тығыз қарым-қатынас Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың жемісті нәтижесін көрсетті.
 

Мұны өзара келісімшартқа қол қойған Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша атқарушы директоры Гийом Триттер мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов ерекше атап өтті.

Alstom компаниясы Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүкіл ел бойынша 7 өндірістік нысан 10 жылдық үздіксіз жұмыстың нәтижесін көрсетті. Екі бірлескен кәсіпорын – Нұр-Сұлтан қаласындағы электровоздар жасаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын Электровоз құрастыру зауыты және бағыттамалық жетек жасаумен айналысатын Алматыдағы ҚазЭлектроПривод және техникалық қызмет көрсететін үш депо, бір сервистік орталық және әкімшілік кеңсе бар. Alstom – Орталық Азия мен Кавказ аумағындағы электровоздар мен бағыттамалық жетектер жасайтын жалғыз өндіруші, сондай-ақ теміржол өнеркәсібін жаңғырту және осы өңірдегі экономиканы дамыту бағдарламасының негізгі қатысушысы.

«Биыл зауытта жаңадан 150 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі келісімшарт арқылы біз 2019 жылға дейінгі өндірістік қамтамасыз ету деңгейін сақтай отыра, сол деңгейде жұмысты жалғастырамыз деген ойдамыз. Жалпы алғанда бүгінгі ұзақ мерзімді ынтымақтастық келісімі аясында алдағы уақытта 369 электровоз шығаруды жоспарлап отырмыз, оның 260-ы жүк, 119-ы жолаушы пойыздарының локомотивтері. Сонымен қатар электровоздарды экспортқа шығарумен айналысамыз. 40 жүк электровозын Әзербайжанға экспорттау көзделген болса, соның 24-і жөнелтілді. Машина 9 мың тоннаны тарта алады, электровоз кабинасы локомотив бригадасы үшін жайлы етіп жасалған», – деді Гийом Триттер.

Ол сонымен қатар локализация саласындағы серпінді жобалармен таныстырды. Оның айтуынша, осыдан 9 жыл бұрын зауытта локализациялау деңгейі 4 пайызды құраған, қазір оның көрсеткіші 30 пайызға жеткен. Былтырдан бері Электровоз құрастыру зауытында тартымдық трансформатор шығарыла бастапты. Кәсіпорын басшылары локализациялау деңгейін енді 40 пайызға жеткізуді жоспарлауда. Сонымен қатар биыл жазда зауыт толығымен Қазақстанда құрастырылған алғашқы жолаушылар локомотивін жасап шығарды.

"Бүгін 2025 жылға дейін ұзартылған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту бойынша кезекті келісімге қол қойылды. Бұл – электровоз шығару өндірісіндегі екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастың жарқын үлгісі. Сапасы жоғары өнімге тапсырыс бар. Негізгі тапсырыс беруші – ҚТЖ компаниясы, сыртқы нарықта – Әзербайжан. Бірақ, басқа елдерден де тапсырыс көбейеріне сенім мол. Себебі, зауыт шығаратын жүк және жолаушылар локомотивтері 1520 кеңістігіндегі ең үздіктер қатарында. Бүгінгі екіжақты келісім өзара қарым-қатынасымызды тереңдетіп, ынтымақтастықты қазіргі заман талаптарына сай жаңа деңгейге шығармақ», – деп атап өтті Қанат Әлмағамбетов.

Алдағы уақытта зауыт KZ8A, KZ4AT және KZ4Ac локомотивтеріне толық техникалық қызмет, тартқыш және тежегіш жүйелеріне жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету және оларды күрделі жөндеуден өткізу функцияларын жүзеге асырмақ. Бүгінде зауытта 850 адам еңбек етсе, соның 95 пайызын қазақстандықтар құрап отыр.
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: