Главная Новости Қазақстанда ерекше балаларға арналған орталықтар ашылып жатыр
05 тамыз 2022, 10:59 2000

Қазақстанда ерекше балаларға арналған орталықтар ашылып жатыр

Қазақстанда ерекше балаларға арналған орталықтар ашылып жатыр

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Ақмола облысының Степногорск қаласында құны 90 млн теңгеге жуықтайтын бейімдеу орталығы ашылды.

2022 жылғы 5 тамызда Ақмола облысының Степногорск қаласында ерте жастағы балаларға арналған «Қамқорлық» орталығының ресми ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Степногорск қаласының әкімінің орынбасары Гүлназ Әбілова және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Сергожа Қалиасқаров қатысты.

Ерте араласу орталығында жыл сайын 3 жасқа дейінгі дамуында кінәрат бар және туындау қатері байқалған 600 баланы тегін қабылдайтын болады. Мұнда олар абилитация және оңалту көмегін алады, диагностикалық аудиологиялық тексеруден және «Samruk-Kazyna Trust» ұсынған жаңа жабдықта мидың электроэнцефалографиясынан өтеді. Балалармен реабилитолог-дәрігерлерден, неврологтардан, сурдологтардан, емдік-дене шынықтыру нұсқаушыларынан, эрготерапевтерден, логопедтерден және дефектологтардан тұратын мамандардың мультидисциплинарлық командасы жұмыс істейді.

Степногорск қаласындағы «Қамқорлық» орталығының жетекшісі, дәрігер-физиотерапевт Нұрия Махатова құрметті қонақтарды қарсы алып, орталықты көрсетті. «Степногорскіде ерте араласу орталығының ашылуы бізге кішкентай науқастардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жаңа мүмкіндіктер береді. Балалар қажетті оңалту қызметтерін туған қаласынан шықпай-ақ тегін ала алады. Біздің орталыққа жолдаманы ата-аналар учаскелік педиатрдан алса, мұнда мамандар жеке ем шараларын тағайындап, бүлдіршіндерге қамқорлық жасайды», – деп атап өтті Нұрия Қанапиқызы.

Ерте араласу орталықтарының негізгі мақсаты – балалардың ерте мүгедектігінің алдын алу. Өмірдің алғашқы сәттерінен бастап ауытқуларды дұрыс анықтау және түзету бар өзгерістерді жұмсартып қана қоймай, жаңа сырқаттардың пайда болуын болдырмауға, балалардың әлеуметтік бейімделуінің ауырлығын жеңілдетуге және әр бала үшін мүмкін өмір сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оңалту курстарынан кейін балалар қимылын ширатып ғана қоймай, сөйлеу және ойлау қабілетін де жақсартады. Әсіресе күнделікті өмір дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді.

«Бір апта бұрын біз Алматы облысында ерте араласу және оңалту орталықтарын ашсақ, бүгін Степногорск қаласындғы жаңа орталықтың тұсауын кесіп отырмыз. Мұның бәрі біздің серіктестеріміз «Қамқорлық» қорымен, әкімдіктермен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесі. Бұдан басқа, «Samruk-Kazyna Trust» қоры халық, әсіресе балалар үшін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жобаларды қаржыландыруда. Бұл медициналық пойыздар, «Басқарылатын гипотермия», «Зейін Атырау», «Балаларға өмір сыйла», «Аутизмді жеңеміз» және басқа да жобалар», – деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Сергожа Қалиасқаров.

2020 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Қамқорлық» жобасының алғашқы екі кезеңі аясында Қазақстанның барлық өңірінде 15 оңалту орталығы, 16 инклюзияны қолдау кабинеті және 7 ерте араласу орталығы ашылды. 2023 жылға дейін қосымша 13 ерте араласу орталығы ашылады. Осылайша, жоба ірі қалалар мен облыс орталықтарын ғана емес, еліміздің шалғай ауылдарын да қамтиды. Бұл балаларды жақын жерден тиімді оңалтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауқымды жобаның серіктестері ҚР Үкіметі, өңірлердің әкімдіктері, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, «Қазақстан халқына» қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: