Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Кәсіподақ күніне орай салалық кәсіподақтың бөлімшелерінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондай шараның бірі «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіп одағы» ҚБ-да өтті.
Есеп беру конференциясы түрінде өткен жиында кәсіподақтың 2023 жылы атқарған жұмыстары баяндалып, алдағы жұмыс жоспарлары таныстырылды.
Аталған кәсіподақ 2015 жылы жергілікті кәсіподақ болып қайта құрылған. Қазір кәсіподақтың 656 мүшесі бар және олар 43 құрылымдық бөлімшеде жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі жұмысшылар, атап айтқанда қауіпсіздік, тексеру инспекторлары, оператор, көлік жүргізушілері.

Жергілікті кәсіподақтың төрайымы Гүлжан Шамкенованың айтуынша, еңбек ұжымының мүддесі мен оларды әлеуметтік, яғни материалдық жағынан қорғау бағытында жұмыстар тоқтаған емес. Жұмысшылардың және олардың балаларының денсаулығын сауықтыруға қаржы бөлу мәселесі де артып келеді.
«Қиын жағдайда қалған жұмысшыларға кәсіподақ қолынан келгенше көмектесіп келеді. Жұмысшылардың жақындары өмірден өтсе немесе балаларын үйлендіріп жатса материалдық көмек көрсетеміз. Одан бөлек ұжымдық демалысқа да көлік бөліп тұрамыз, биыл жүзден астам адам Астана маңында демалуға барды. Сондай-ақ ай сайын «Астана» спорт клубына деп 20-ға жуық бір айлық тегін абономент береміз. Оған қоса ұжымдық келсімшартқа да көңіл бөліп отырмыз. Яғни, жұмыс берушінің ұжымдық келсімшартты орындауын бақылап отырамыз», – дейді Гүлжан Шамкенова.
Конференцияға қатысқан «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышев кәсіподақ қызметкерлерін бүгінгі мерекелерімен құттықтап, қазіргі қиын заманда жұмысшылардың мүддесін қорғауда кәсіподақтың маңызы зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол «Қазкөліккәсіп» ҚБ-де теміржолшылардың саны басым екенін, нақты олардың 107 мыңдай мүшесі барын айтты. Оған қоса кәсіподақ қазір жұмыс беруші мен қызметкердің арасында алтын көпір болып, екі жаққа да оңтайлы шешімдер шығаруда үлкен рөл атқарып отырғанын жеткізді.
«Еңбек адамының әлеуметтік мүддесін қорғайтын – ұжымдық шарт. Ол үш жылға жасалады. Қазір біздің ұйымға кіретін барлық жергілікті кәсіподақтарды осыған бағыттап жатырмыз. Еліміздегі соңғы саяси өзгерістердің нәтижесінде кәсіподақтың рөлі артып келеді. Өйткені кәсіподақ жұмысшылардың мүддесін қорғаудағы басты ұйым», – деді ол.
Конференция барысында белсенді кәсіподақ мүшелері алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
77
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
85
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы