Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ баспасөз қызметі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Өскемен қаласына жұмыс сапары барысында "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ 70 жылдығын атап өтуге қатысты. Үлбі металлургиялық зауыты, Қордың жетекші қоржындық компаниясы - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ еншілес кәсіпорны саналады.
Ахметжан Есімов өз сөзінде зауыт басшылығы мен қызметкерлерін салтанатты түрде құттықтап, Қордың ірі компанияларының алдағы IPO/SPO-ға шығуы туралы және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2016-2020 жылдарға арналған "Самұрық-Қазына" АҚ Жекешелендіру бағдарламасының болашағы туралы айтты.
"Қазатомөнеркәсіптің әлемнің қаржы нарықтарына табысты шығуы, оның халықаралық танылуын айғақтайды, сондай-ақ компанияның табысты дамуы мен корпоративтік ашықтығына және тиімді басқарылуына жағдай жасайды. Қазатомөнеркәсіп - біздің алғашқы жария компаниямыз. Осы тәжірибені ескере отырып, "Самұрық-Қазына" қоры басқа да компанияларды халықаралық қаржы нарықтарына шығарады. Бұл қадам тек осы компанияларға ғана емес, жалпы ел экономикасына оң әсер етеді", - деді Ахметжан Есімов.
Қор басшысы "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші екендігін атап кетті. Компания әлемдік уран өндірісінің 23%-ын және шамамен 21 мың адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
2018 жылдың қараша айында Ұлттық компания Қордың Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында халықаралық қор нарығына шықты. IPO басталғаннан бері «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы айтарлықтай өсті және компанияның құны қазіргі уақытта 3,5 млрд АҚШ долларын құрайды.
Сөз соңында Басқарма төрағасы Үлбі металлургиялық зауыты 4000-ға жуық жоғары білікті маман жұмыс істейтін әлемдік маңызы бар үлкен заманауи өндіріс екеніне назар аударды. Қазіргі уақытта қолданыстағы технологиялар жылына 3600 тонна уранды 6000 тоннаға дейін ұлғайту жоспарымен өңдеуге мүмкіндік береді.
2020 жылы зауытта таблеткалық өндірісті жаңғырту жөніндегі жоба аяқталады. Нәтижесінде отын таблеткаларын өндіру көлемі жылына 400 тоннаға дейін артады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
60
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
63
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы