Главная Новости Мұнайшылар қуанышы: Асарда тағы бір жатақхана қолданысқа берілді
30 қазан 2019, 07:33 3492

Мұнайшылар қуанышы: Асарда тағы бір жатақхана қолданысқа берілді

Мұнайшылар қуанышы: Асарда тағы бір жатақхана қолданысқа берілді

"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының Асар кен орнында жаңа жұмысшылар жатақханасы ашылды. Қуанышты оқиға Қазақстан мұнайының 120 жылдығы, Қаламқас кен орнының 40 жылдығымен қатар тағы бір маңызды мерейтойлық белес "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасына  қарасты ірі  өнеркәсіптік құрылымның бірі -  Асар кен орнына  50 жыл толуына орайластырылып отыр. 

Жатақхана құрылысы үстіміздегі жылдың мамыр айында басталып, іргесінің алғашқы тасын "Қазмұнайгаз" Ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев қалаған болатын. Міне, енді, бүгінгі салтанатты шараға да қатысып, мұнайшыларды жаңа қонысымен құттықтады.

 "Қадірлі асарлықтар! Мамыр айында осы жатақхананың бірінші тасын қалап кеткен едім. Бүгін ашылуына арнайы келдім. Былтырдан бері осы кенорында берілген нысандардың  барлығы - Ұлттық компанияның әлеуметтік саясатының  игі нәтижесі. Бұл Асар кен орнының даму болашағы ескеріліп жасалып жатқан маңызды  әлеуметтік шаралар", - деп атап өтті ол.

Жаңа екі қабатты тұрғын кешен 50 адамға арналған. Жатақхана талапқа сай қажетті барлық тұрмыстық қажеттіліктермен жабдықталған және де әрбір қабаты санитарлық тораппен қамтылған.

Сондай-ақ, бұл күні, Асарда медициналық қосын ашылды. Мұнда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, мұнайшылардың денсаулығын күнделікті бақылап отыру үшін жағдай жасалған.

Жалпы, соңғы екі жылда, Асар кен орнында 86 адамдық жатақхана, жасанды шағын футбол алаңы, кітапхана, жаттығу залы, жаңа кір жуу орталығы, 75 адамдық жаңа асхана ашылды. Алда үшінші жатақхананың құрылысы басталып, 2020 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

Бүгінде Асар кен орнында вахталық әдіспен 150-ге тарта қызметкер еңбек етіп келеді. Тәуліктік орташа мұнай өндіру көлемі 1500 тоннаны құрап отыр. Жалпы, кен орны ашылғаннан бері Асарда 5 млн 600 тоннадан астам мұнай өндірілген. Қалған қор – 6 277,740 мың тонна. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, кен орнының болашағы өте зор. Сондықтан Асарда «Интеллектуалдық кен орны» жобасын енгізу бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Бұл жоба мұнайдың төгілген жерлерін жедел анықтап, кемшіліктерді тез арада жоюға, өндірістік құрал-жабдықтарды бақылауға, шығындарды азайтуға, жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Кен орны қазіргі таңда күрделі жаңғыру үстінде, өндіріс үдерістері оңтайланып, жұмыс пен тұрмыс жағдайы жақсарып келеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: