Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың өндірістік және қаржылық көрсеткіштер туралы есебі тыңдалды.
Мемлекет басшысының басым инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Қор басшылығы экономиканың басым салаларындағы жалпы сомасы шамамен 36,4 трлн теңгені құрайтын инвестициялық 46 ірі жоба туралы баяндады. Бүгінгі таңда «Полиэтилен өндірісі», күкірт қышқылы зауыты және «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісі, Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауыты, сондай-ақ «Шу», «Жамбыл», «Шымкент» қосалқы стансаларында Қазақстан БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін нығайту шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін «Достық – Мойынты» теміржол желісі, Алматы қаласын айналып өтетін айналма теміржол желісі, Ақтау порты базасындағы контейнерлік хаб, «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры, Кендірлідегі су тұщыту зауыты сияқты инфрақұрылымдық нысандарды, сондай-ақ Caspi Bitum зауытын кеңейту және Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау жобаларын аяқтау жоспарлануда.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылуда. Қордың сатып алу тәртібінде: тауарларды ОТӨ-ден сатып алу басымдығы, жұмыстар мен қызметтерді орындау кезінде ОТӨ-ден тауарларды сатып алу бойынша мердігерлер мен қосалқы мердігерлік ұйымдардың міндеттемелері, сондай-ақ 16-дан астам қосымша қолдау шаралары көзделген. Аталған қолдау шаралары шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттар санын 2024 жылғы 1,1 трлн теңгеден 2025 жылы 1,4 трлн теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Импортты алмастыру бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» қоры өткен жылы қазақстандық кәсіпкерлермен 191 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттар жасады – бұл 10 есе өсім. Кәсіпкерлікті қолдау шараларының бірі – skstore. kz электрондық дүкені. Платформада 13 мыңнан астам ШОБ өкілі және 500 отандық тауар өндіруші тіркелген.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 14,6 млрд теңгеге 25 мың тапсырысты құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 есеге көп. Премьер-министр «Самұрық-Қазына» қоры басшылығына және жауапты министрліктерге жобалардың Қазақстан инфрақұрылымына, энергетикасына, көлік логистикасына, өнеркәсіптік және экономикалық дамуына мультипликативті әсерін ескере отырып, олардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
44
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы