Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Оңтүстік өңірдегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілік кәсіпорындары көктемгі тасқын суларды өткізу іс-шараларына дайын, деп хабарлады Rail-news.kz.
Теміржол төсемі мен инфрақұрылым объектілерін шаюдан және бұзып кетуден қорғау бойынша барлық қажетті іс-шаралар 1 наурызда аяқталды. Көпірлердің, су құбырларының технологиялық саңылаулары қардан, мұздан, қоқыстардан тазартылды. Көлік құралдары, дрезиналар және автотрактор техникасы толық дайын.
Оңтүстік өңірде шайылып кетудің алдын алу және оның салдарын жедел жою үшін 15 пойыз дайындалды. Олардың құрамында 15 вагон және 84 платформа бар, олар кесек таспен, рельс пакеттерімен, кондиционерленбеген темірбетон шпалдарымен және басқа да материалдармен қамтылған. Пойыздар қауіпті учаскелердің жанындағы станцияларда орналастырылады.
ҚТЖ желісінде барлығы 45 қарғын суға қарсы пойыз құрылады. Батыс және шығыс өңірде арнайы құрамдар 15 наурызға дейін, елдің солтүстігінде 1 сәуірге дейін дайындалады.
Бүгінгі таңда судың шаюына қарсы 2 400 м3 кесек тас және 8000 кондиционерлік емес темірбетон шпалы дайындалды. 17 инвентарлық металл аралық құрылыстар, 44 инвентарлық рельс пакеттері, 54 металл, 53 темірбетон және 38 асбест құбыр сақиналары дайындалды.
Аумақтық органдармен бірлесіп теміржолшылар теміржол төсемінен жоғары орналасқан 83 су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйін тексеруде.
Көпірлердің, құбырлардың, дренаждық құдықтардың саңылауларын мұз бен қоқыстан белсенді тазарту, таулы және су бұру арықтарын, науалар мен сайларды ашу жалғасуда. Барлығы 3578 көпір, 6327 құбыр, 2029 км сай мен 545 км таулы арықтар тазартылады. Қүмістау, Өскемен, Құсмұрын, Арқалық және Атбасар жол дистанциясы мұзды ұсақтау және қар көшкінін түсіру бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге дайындалуда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
218
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи