Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 5G желісін іске қосу жайындағы жоспарларын таныстырды, деп хабарлады Aikyn.kz.
«Министрлік Қазақстан Республикасы аумақтық принцип негізінде радиожиілік спектр (бұдан әрі – РЖС) тарату бөлігінде 5G желісін енгізу стратегиясын әзірледі. Үздіксіз 100 МГц жолағын бөлу мүмкіндігі бар 3,6 – 3,9 ГГц диапазонындағы жиіліктер белгіленді. Сондай-ақ, Қазақстанда 5G технологиясын енгізу және іске асыру мерзімдері белгіленген», - деп жауап берді ведомство редакция сауалына.
Ұсынылған мәліметке сәйкес, бүгінде байланыс операторлары келесі жұмыстарды атқарды:
«Қазақтелеком» АҚ Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Hub» IT стартаптар халықаралық технопаркі» аумағында пилоттық 5G желісін іске қосты.
Шымкент қаласында базалық станцияны орнату орны анықталды («Shymkent Plaza» СО), 5G технологиясының сынақтары техникалық енгізу сатысында.
«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС пилоттық 5G желісін Алматы қаласындағы үш жерде іске қосқан. Олар – «Қайсар Плаза» сауда-кеңсе орталығы (Желтоқсан к-cі, 115), Панфилов көшесі (Абай атындағы МАОБТ-тан Төле би көшесіне дейін) және «Медеу» биік таулы спорт кешені.
«Кселл» АҚ Алматы қаласының Арбат ауданында (Нұрсұлтан Назарбаев пен Жібек жолы даңғылдарының қиылысы) 5G технологиясын тестілеуді іске қосты.
«Кар-Тел» ЖШС Алматы қаласында NARXOZ University (Жандосов к-сі, 55) және «Гранд Алатау» бизнес орталығы (Тимирязев к-сі, 28В) аудандарында 5G технологиясын тестілік режимнен өткізе бастаған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!