Главная Новости Қазақтелеком «Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасын іске қосты

Қазақтелеком «Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасын іске қосты

Жобаға шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатыса алады. Оларға компания цифрлы серіктес ретінде қарап, кәсібін жүргізуіне қажетті көмегін көрсетеді.

Пилотты жоба негізінде цифрлы серіктестер байланыс арнасын құрып, талшықты-оптикалық байланыс желісі және Wi-Fi-радио көпірі, бір нүктеден көп нүктеге, және тағы да басқа технологиялар арқылы желілердің құрылысын жүргізіп қана қоймай, қызмет көрсету арқылы табыс тауып, ауылдағы байланысқа қатысты өзекті мәселені шеше алады.

«Жоба аясында серіктестеріміз ауылға өз қаржысына құрылғы орнатып, оларды бұрын тартылған ТОБЖ желісіне қосып жергілікті желі тартуы, сол арқылы әр абонентті интернетпен қамтамасыз етуі қажет. Бүкіл шығыны ай сайынғы төлем есебінен жабылады. Осылайша, кәсіпкер табысты бизнес иесіне айналып шыға келеді. Оның салған инвестициясы алдағы уақытта өзіне еселей оралады деп сеніммен айтуға болады. Өйткені интернет жұрттың бәріне керек», – дейді «Қазақтелеком» корпоративтік бизнес дивизионының бас директоры Алмат Қараманов.

Бүгінде сынақ режиміндегі жоба Түркістан облысының 176 елді мекенінде іске қосылады.

«Жобаға қатысу үшін сайттағы бүкіл құжатпен танысып шығып, кәсіпкерлерге арналған ISMET.KZ платформасында өтініш беру қажет. «Қазақтелеком» мамандары жарты сағаттың ішінде сол кәсіпкерге хабарласып, қосымша ақпарат береді. Содан кейін әлеуетті серіктес «Қазақтелекоммен» шартқа отырады. «Қазақтелеком» серіктесінің ауылға желі тартуына техникалық жағдай жасайды. Серіктес өз желісін тартады, абоненттерді қосады. Ай сайын өзі қосқан клиенттер төлейтін ай сайынғы төлемнің 50%-ын алып отырады. Яғни, шығыны да өтеледі, артынша одан пайдаға да кенеледі», – деп түсіндірді Алмат Қараманов.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Видео Все видео
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: