Главная Новости Қазақтелеком қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағдарламасын кеңейтеді
12 желтоқсан 2022, 15:30 764

Қазақтелеком қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағдарламасын кеңейтеді

Қазақтелеком қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағдарламасын кеңейтеді

«Қазақтелеком» келер жылдың бірінші тоқсанында барлық қызметкерлерінің жалақысын өсіреді. Бүгінгі таңда осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныс даярлайтын арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Ал жыл соңына дейін компания 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай бүкіл ұжымға мерекелік сыйақы және өндірістік көрсеткіштерді орындаған жұмысшыларға тоқсандық сыйақыларын беруді жоспарлады. Бұл туралы бүгін «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеевтың ұжыммен өткен дәстүрлі онлайн конференциясы барысында белгілі болды.

Айта кету керек, барша компания қызметкерлерінен келіп түскен сұрақтарға жауап беру үшін Басқарма төрағасымен қатар онлайн конференцияға Басқарма мүшелерімен Дивизион басшылары қатысты. Онлайн кездесу барысында неғұрлым көп жұмысшыны қамту үшін бірден екі платформада ұйымдастырылды және бір мезетте мыңнан астам қызметкер қатысып, өздерін мазалаған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін тікелей басшыларға қойып, дереу жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Ұжыммен тікелей қарым-қатынастың мұндай форматын «Қазақтелеком»бірнеше жылдан бері белсенді қолданып келеді, және мұндай алаң алып ұжыммен бір мезгілде кездесіп, пікір алысудың ең ыңғайлы да тиімді тәсіл екенін дәлелдеді. Төрағаның қатысуымен өткен бұл 4 онлайн шара барысында бір жылғы жасалған жұмыстар бойынша есеп беріліп, алдағы жоспарлар пысықталды.

«2022 жыл «Қазақтелекомда» қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жылы деп жарияланған болатын, осы бағытта компания барша ұжымға оң әсерін тигізген бірқатар әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырды»,- деп атап өтті Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев. «Атап айтқанда, В6 және одан төмен грейдтегі өндірістік қызметкерлердің жалақысы өсті, сонымен қатар В6 және одан төмен грейдтегілерге 2021 жыл қорытындысы бойынша компания пайдасын еселегені үшін лауазымдық жалақысының 50% мөлшерінде еңбекақы төлеу қорынан бөлек сыйақы төленді, сондай-ақ, барлық қызметкерлерге 2021 жылғы ресми инфляция деңгейіне сәйкес қаңтар және маусым айларында біржолғы индексация төленді. В4 және одан төмен грейдтегі қызметкерлерге жалақының 25%  көлемінде тоқсандық сыйлықақы төлемі енгізілді, одан бөлек барлық қызметкерлерге Байланыс күніне және республика күніне орай мерекелік сыйлықақы төленді. Аталған барлық іс-шараларға компания 18 млрд теңгеден астам қаражат бөлді», деді Қуанышбек Есекеев.

Одан бөлек компания қызметкерлерін қолдау мақсатында көптеген жаңа бастамаларын іске қосты: соның ішінде қызметкерлердің біліктілігін арттырып, білімін толықтыру үшін елдегі ең үздік оқу орындарымен келісімге отырды, одан бөлек Astana IT University жанынан, компанияға қарасты Корпоративтік университет жұмысын бастады, қызметкерлердің балаларына арналған жазғы ІТ лагерлер ашылды, қызметкерлерге арналған үй алуға немесе тұрмыстық жағдайын жақсартуға пайызсыз несиелер берілді, көпбалалы отбасылар, ерекше балалары бар және 2-ден астам бала асырап алған отбасылар қатарындағы қызметкерлерге қолдау көрсету мақсатында «Демеу» бағдарламасын жүзеге асырды. Оған жұмыскерлердің балаларына балалардың сауықтыру лагерлері мен санаторийлеріне тегін жолдама беру, медициналық оңалту үшін қаражатты ішінара өтеу, дәрілік заттарды, кеңсе тауарларын сатып алуға материалдық көмек және т. б. кіреді. Сондай-ақ, қызметкерлердің кейбір санаттарын әлеуметтік қолдау шеңберінде компания А8-В4 грейдтарындағы қызметкерлердің балаларының жоғары оқу орындары мен орта білім беру курсының құнын өтеу мүмкіндігі қарастырылуда.

«Қазақтелеком» АҚ Персонал жөніндегі бас директоры Берік Битабаровтың айтуынша, «компания қашанда жаңа кадрлармен және жаңа идеялармен толығып отыруға мүдделі. Сондықтан бізде «PROTELECOM» жеке тағылымдама бағдарламасы жұмыс істейді және биыл ғана бізде 775 студент тағылымдамадан өтіп, оның 190-ы компанияда жұмыс істеуге қалды. Осы бағдарлама аясында бүгінгі таңда «Қазақтелеком» АҚ мен Қазақстан бойынша 25 жоғарғы оқу орындарымен 40 Арнаулы орта білім беру орталығы арасында меморандумдар жасалды».

Онлайн-конференцияға дайындық барысында қызметкерлерден алдын-ала келіп түскен 100-ден астам сұраққа компания басшылығы толыққанды жауап берді, сонымен қатар шараның екінші бөлімінде қатысушылар тікелей режимде басшылыққа сұрақ қою мүмкіндігі жасалып, бұл кезде де 100-ден астам түрлі тақырыпта сұрақтар келіп түсті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: