Главная Новости «ҚМГ» 2019 жылғы есебі бірнеше марапатқа ие болды
02 желтоқсан 2020, 07:47 868

«ҚМГ» 2019 жылғы есебі бірнеше марапатқа ие болды

«ҚМГ» 2019 жылғы есебі бірнеше марапатқа ие болды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2019 жылғы жылдық есебі халықаралық үздік есептер рейтингісіне енді. ҚМГ Comprend сараптама тізіміне енген Қазақстандағы жалғыз компания болды. 1000 үміткердің ішінен қорытынды рейтингке 350 компания кірді, олардың ішінде ҚМГ «B» деген бағамен 263-орынға ие болды.

ҚМГ жылдық есебі қаржылық-экономикалық және өндірістік қызмет нәтижелері туралы, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму туралы ақпаратты қамтиды. Биыл рейтинг 24-ші рет өткізілді. Бағалау кезінде халықаралық сарапшылар тобы коммуникация және стиль, операциялық қызмет және тұрақты даму, стратегия және көшбасшылық, қаржылық көрсеткіштер, инвестициялар және басқару сияқты бағыттар бойынша ақпараттың ашылуын басшылыққа алды. Comprend (2020 жылдың сәуіріне дейін – ReportWatch) – бұл жылдық есептердің 1996 жылдан бері жасалып келе жатқан халықаралық тәуелсіз рейтингі. Рейтингтің мақсаты – қаржылық және корпоративтік есептіліктің халықаралық стандарттарын арттыру, корпоративтік коммуникацияларды және инвесторлармен өзара қарым-қатынастарды жақсарту үшін жылдық есептерді дайындау саласындағы үздік тәжірибелерге шолу жасау.

Бұдан басқа, ҚМГ жылдық есебі «Мәскеу биржасы» ЖАҚ дәстүрлі жылдық есептер байқауында «Шетелдік компанияның үздік жылдық есебі» номинациясын алды. Бұл Ресейдегі корпоративтік есептілік саласындағы ең белді марапат. Конкурс компаниялардың ашықтық деңгейін арттыруға, инвесторлар мен клиенттер үшін ақпараттың тиімді ашылуына және жоғары корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Байқауға 111 компания қатысты, олардың ішінде 14 ұйымға ғана номинация берілді: 4 негізгі және 10 қосымша сыйлық. Қазылар алқасының құрамына ірі инвестициялық қорлардың, кәсіби қауымдастықтардың, қоғамдық ұйымдар мен реттеуші органдардың өкілдері, жетекші қаржылық талдаушылар, корпоративтік басқару және коммуникация жөніндегі мамандар кірді.

Сондай-ақ ҚМГ жылдық есебінің интерактивті нұсқасы ARC Awards (Annual Report Competition) жылдық есептерінің халықаралық конкурсында ерекшелік белгісімен (Honors) марапатталғанын атап өтуге болады. ARC Awards конкурсын MerComm Inc. 1987 жылдан бері жыл сайын өткізіп келеді. Ол жылдық есептердің аса ірі әлемдік байқауы және осы индустрияда ең жоғары стандарттарды енгізуге арналған платформа болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» алған марапаттар – бұл, бірінші кезекте, әлемдік салалық көшбасшылардың үздік практикаларына сәйкестігін растайды. Компания қызметінде ашықтықты арттыру мақсатында инвестициялық қоғамдастықпен өзара қарым-қатынасты қоса алғанда, стейкхолдерлермен коммуникацияларды жетілдіру бойынша компания жүргізіп жатқан жұмыс нәтижелерінің мойындалуы. Екіншіден, бұл компанияның ортақ ісіне әр мүшесі өз үлесін қосқан үйлесімді командалық жұмыс. Халықаралық сарапшылар біздің жұмысымыздың нәтижелерін жоғары бағалағанына қуаныштымыз. Бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқандығымыздың тағы бір дәлелі», – деп атап өтті ҚМГ қаржы департаментінің директоры Айгүл Бекназарова.

Айта кетейік, ҚМГ есептері бірнеше рет жылдық есептер мен рейтингтер конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Осылайша, 2019 жылғы желтоқсан айында ҚМГ-ның жылдық есебі мен Тұрақты даму туралы есебі «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) қолдауымен «QRA» рейтингтік агенттігі өткізетін 2018 жылғы жылдық есептер конкурсында үздік деп танылды. Сонымен қатар, KASE ҚМГ-ны соңғы екі жылда «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» деген марапаттау дипломдарымен марапаттады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: