Главная Новости «Қазақтелекомда» жұмыс істеу – үнемі ізденісте болу!

«Қазақтелекомда» жұмыс істеу – үнемі ізденісте болу!

«Қазақтелекомда» жұмыс істеу – үнемі ізденісте болу!

Елена Ставицкая – Оңтүстік ӨТД телекоммуникация желісі қондырғыларына техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші инженері, кәсібінің хас шебері.

Ол 1989 жылы Шымкенттің байланыс училищесін бітіріп, Қалалық телефон желісінің реттеу бөлімшесіне жұмысқа тұрды.

«Цифрлық технологиялар жоқ тұста телефон станциялары ебедейсіз болатын, тіпті бір ғана нөмірді теру үшін көптеген деталь қозғалуы тиіс еді. Онымен жұмыс істеу қиын, көп қол еңбегін талап ететін. Бүгінде күрделі әрі үлкен механизмдердің орнын цифрлық қондырғылар келді – бүгінгі станцияларды қашықтан басқара беруге болады, тек оқыс жағдай болған кезде ғана станцияға барамыз», – дейді Елена.

Елена үшін «Қазақтелекомда» жұмыс істеу – үнемі ізденіс пен даму үстінде болу. Күнделікті жұмысқа да, озат технологияларды меңгеруге де ылғи бар ынтасымен кіріседі. Сондықтан 2007 жылы мультисервистік желінің ядросы саналатын Softswitch жұмысымен танысу үшін Германия мен Францияға компания Еленаны жіберді.

Елена кәсіби шеберлігі мен елеулі еңбегі үшін Түркістан облысы әкімінің алғыс хатымен, «Қазақтелекомның» 25 жылдығына орай компанияның құрмет грамотасымен марапатталды.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: