Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Қоғамдық кеңестің отырысында «Қазақтелеком» өкілдері «Әзірбайжан-Қазақстан» бағыты бойынша Каспий теңізінің түбінде талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жөніндегі халықаралық жобаның іске асырылу барысы туралы айтып берді.
Телеком-оператордың Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев Кеңес мүшелеріне өткен жылы компания «AzerTelecom» компаниясымен су асты байланыс желісін бірлесіп салу туралы келісімге қол қойғанын еске салды.
Транскаспий каналының негізгі бағыты Ақтаудан Әзірбайжанның Сиазанына дейін өтеді және 340 км-ден асады, сонымен қатар ұзындығы 330 км-ге жуық резервтік желі қазақстандық Құрық портынан Баку маңындағы Бузовна пунктіне дейін салынады.
«Қазақтелеком» басшысы атап өткендей, Транскаспий жобасы Қазақстан үшін стратегиялық тұрғыдан өте маңызды, өйткені оны іске асыра отырып, ел халықаралық трафикке қосымша шығу жолын және Азия елдерінен Қазақстан аумағы бойынша және суасты кабелі арқылы Әзірбайжанға жаһандық трафиктің транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа арнаға ие болады, әрі қарай Грузия, Қара теңіз, Болгария арқылы Еуропаға шығады. Бұдан басқа, жоба жаңа цифрлық телекоммуникациялық дәліз құруды жеделдететін драйверге айналады және Қазақстан нарығына ірі технологиялық (big tech) компанияларды тартуға ықпал ететін болады.
Қазіргі уақытта HLD (high-level design) жоғары деңгейлі дизайны әзірленді, толық ақпаратты қамтыған жол картасы бекітілді, қазір зерттеу жұмыстары аяқталуда. Каспий түбімен "оптика” тартатын құрылыс жұмыстарын тепе-тең негізде Қазақстан-Әзірбайжан бірлескен кәсіпорны жүзеге асырады деп күтілуде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
11 декабря 11:49
«Самрук-Қазына» представил планы по новым IPO на AIFC Connect в Абу-Даби