Главная Новости Қазақтеңізкөлікфлотының басшысы студенттерге дәріс оқыды
14 қараша 2022, 10:21 1048

Қазақтеңізкөлікфлотының басшысы студенттерге дәріс оқыды

Қазақтеңізкөлікфлотының басшысы студенттерге дәріс оқыды

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов «Ұйымдық мінез-құлық» таныстырылым курсы шеңберінде Мақсұт Нарықбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттері алдында дәріс оқыды.

Кездесу барысында Айдар Оржанов басқарма төрағасы әрі бірінші басшы тұрғыдан өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол бас директор ретінде компанияның операциялық қызметінің тиімділігін арттыруда заманауи корпоративтік менеджменттің қаншалықты маңызды болып отырғанын атап өтті.

Айдар Оржанов Бостон қаласында (АҚШ) Саффолк университетін және Лондон қаласында (Ұлыбритания) Ллойдс теңіз академиясын тәмамдады. Оның еңбек жолы 2001 жылы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясында басталды, ол 2020 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін осы компанияның Бас директоры қызметін атқарып жатыр.

Дәріс соңында студенттер Айдар Оржановқа алғыс білдірді.
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: