Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атом холдингінің 1 800-ден астам қызметкері, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің мүшелері, «Самұрық-Қазына» АҚ және оның портфельдік компанияларының өкілдері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дағы цифрлық трансформацияның стратегиясы мен іске асырылуы» бірінші онлайн-форумына қатысты.
HR және коммуникациялар жөніндегі бас директор Бексұлтан Бекмұратов форумның орталық тақырыбы – «Цифрлық трансформация бойынша жыл қорытындыларын» жария ете келе, цифрлық шешімдерді дамытудағы және цифрлық трансформация портфелі жобаларын іске асырудағы елеулі жетістіктерді атап өтті.
Бағдарлама аясында «Инкай», «Хорасан-U», СКК және «Байкен-U» кәсіпорындарында қолданылатын заманауи цифрлық технологиялар ұсынылды.
Өндіріс саласындағы жетістіктермен қатар корпоративтік орталықтың спикерлері әріптестерімен цифрлық жетілу деңгейін арттыру, корпоративтік мәдениетті трансформациялау, цифрлық оқытуды және ғылымда цифрлық шешімдерді дамыту бойынша жұмыс нәтижелерін ортаға салды.
Осы алаңда сондай-ақ, қолданыстағы «Кибер қалқан» және «ДБКҚ» (деректердің бірыңғай корпоративтік қоймасы) жобаларының демеушілері сөз сөйледі.
Роботтандыру саласындағы соңғы әзірлемелердің бірі Қазынашылық департаменті мен Цифрлық трансформация департаментінің бірлескен бастамасы саналатын күнде қайталанып жасалатын істерді автоматтандырудың RPA шешімі болды. Форумда онымен Қазынашылық департаментінің директоры таныстырды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша цифрлық трансформация бағдарламасының жобаларын іске асыруға белсенді қатысқаны үшін компания қызметкерлерін марапаттау рәсімі Форумның шарықтау шегіне айналды. Осы бағдарлама бойынша 2020 жылға арналған жобалар мен іс-шаралар арасындағы бірінші жыл сайынғы конкурстың қорытындылары жарияланды.
«Қаржылық пайдасы бар үздік іс-шара» номинациясында «Рециклинг» іс-шарасын жүзеге асырғаны үшін Садырбаев Жандос, Шуриев Тельман және Оразбек Нартай жеңімпаз болды. Нұрмақов Қанат, Мейрамова Эльвира және Александр Масло командасының ITSM жобасы сапалы пайдасы бар үздік жоба болды. Біріктірілген жоспарлау жүйесін іске асырған Қазатомөнеркәсіптің Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Сыздықова Камила «Үздік жоба демеушісі» атанды. «Киберқалқан» жобасын жүзеге асырғаны үшін Ержан Мұрзалин «Үздік жоба жетекшісі» номинациясын жеңіп алды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
177
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде