Главная Новости Қазатомөнеркәсіп Инкай кен орнын игеру шарттарына толықтыруларға қол қойды
06 тамыз 2024, 11:59 390

Қазатомөнеркәсіп Инкай кен орнын игеру шарттарына толықтыруларға қол қойды

Қазатомөнеркәсіп Инкай кен орнын игеру шарттарына толықтыруларға қол қойды

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ Республикасының Энергетика министрлігімен бірге Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан және Қазақстанның негізгі уран кен орындарының бірі болып табылатын Инкай кен орнының екі учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша толықтыруларға қол қойылғанын хабарлайды.

Инкай кен орнының №3 учаскесінде уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша жер қойнауын пайдалану құқығы Қазатомөнеркәсіптің 100% еншілес ұйымы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС пайдасына берілгенін білдіреді. № 3 учаскедегі уран қоры С1+С2 санаттары бойынша 83,1 мың тоннаға бағаланады.

«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру Компаниямыз үшін стратегиялық маңызды шешім болып табылады және екі уран кеніші қорларды толық игерілуіне байланысты пайдаланудан шығарылып, тағы бір кеніші пысықтау сатысында тұрған еншілес кәсіпорнымызды қолдауға бағытталған. Бұл шешім ұзақ мерзімді перспективада өндірісті тұрақтандыруға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар жұмыс орындарын сақтап, мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайту арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Бұдан бөлек, Қазатомөнеркәсіп пен ҚР Энергетика министрлігі уранның минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде Инкай кен орнының №2 учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшартқа қосымша құжатқа қол қойды, ол барлау кезеңін 4 жылға ұзартуды көздейді.

С2 санаты бойынша №2 учаскедегі уран қоры 42 мың тоннадан асады. Барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін қорлардың бір бөлігі С1 санатына ауыстырылады. Келісімшартқа қосымша Ккомпанияның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жыл сайын аударатын қаржы көлемін ұлғайтуды көздейді.

Геологиялық барлау жұмыстары тек «Волковгеология» АҚ Қазатомөнеркәсіптің еншілес ұйымының күшімен жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта «Волковгеология» Қазақстанда уранды барлауда мол тәжірибесі мен құзыреті бар жетекші геологиялық барлау компаниясы болып табылады.

Қазатомөнеркәсіп Қазақстанда уранның минералдық-шикізат ресурстарын толықтыру және ұлғайту мақсатында белсенді геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл күш-жігер уран өнеркәсібін ұзақ мерзімді дамытуға және елдің экономикалық өсуін қолдауға бағытталған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: