Главная Новости Қазатомөнеркәсіп «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ-на қатысты бейнеролик туралы түсініктеме берді
04 қараша 2024, 11:27 404

Қазатомөнеркәсіп «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ-на қатысты бейнеролик туралы түсініктеме берді

Қазатомөнеркәсіп «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ-на қатысты бейнеролик туралы түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының Отырар ауданында орналасқан «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ кенішінде технологиялық ерітінділер құйылған кадрлары бар «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ-на қатысты бейнероликтің таралуына байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мынаны хабарлайды.

Бейнематериалда объективті және нақты суретті көрсетпейді, өйткені ол жылдың әр мезгілінде түсірілген бірнеше эпизодтардан құралған. Бейнематериалда көрсетілген қызметкерлердің арнайы жұмыс киімдері бейнеролик әртүрлі уақыт кезеңдерінде түсірілген деп болжауға мүмкіндік береді. Таратылған материалдар кеніште болып жатқан оқиғалардың орны мен уақыты туралы ақпаратты қамтымайтын субъективті түсініктемелермен бірге жүреді, олар кеніштегі тұтас көрініс пен нақты жағдайды ұсынбайды.

Осылайша, қазіргі уақытта таратылып жатқан материалдың нақты түсірілген күндерін белгілеу мүмкін емес. Бұл ретте Қазатомөнеркәсіп өзінің барлық кәсіпорындарында қоршаған ортаны қорғау мен технологиялық процестерді бақылаудың қатаң стандарттары қолданылатынына назарларыңызды аударады. Ішкі регламенттерге сәйкес өндірістік процестердегі кез келген ауытқуларға, сондай-ақ экологиялық нормалардың бұзылуына жол берілмейді. Жабдықтың ақаулары немесе экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда қызметкерлер басшылықты дереу хабардар етуге және оларды жедел жою және қоршаған ортаға ықтимал әсердің алдын алу үшін шаралар қолдануға міндетті.

Бейнематериалдан туындаған қоғамдық резонансты ескере отырып, «Заречное» кенішіне АІІБ, Отырар ауданы әкімдігінің және «АМАНАТ» партиясының өкілдері, сондай-ақ бейнеролик орналастырған блогер келді. Кеніш басшылығы оларға барлық қажетті түсініктемелер берді.

Түркістан облысы бойынша экология департаменті жоспардан тыс тексеруге кірісті, оның барысында 21 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін инспекторлар кеніштің өндірістік объектілерін тексеріп, зертханалық зерттеулер үшін топырақ сынамаларын алады.

Сонымен қатар, кәсіпорында осы оқиғаға байланысты барлық жағдайды мұқият зерделеу мақсатында ішкі қызметтік тексеру басталды. 

Қазатомөнеркәсіп және оның кәсіпорындары экологиялық жауапкершілік пен ашықтықтың жоғары стандарттарын ұстанады, осыған байланысты БАҚ өкілдерінен тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: