Главная Новости ҚазМұнайГаз әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды талқылады
19 тамыз 2024, 10:40 603

ҚазМұнайГаз әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды талқылады

ҚазМұнайГаз әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды талқылады

Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында 2024 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша әлеуметтік тұрақтылыққа арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты.

Кездесуге ҚМГ-ның өндіру, өңдеу, тасымалдау және мұнай сервисі секілді барлық қызмет бағытын ұсынатын еншілес және тәуелді ұйымдарының (ЕТҰ) басшылары қатысты.

Еншілес ұйымдардың өкілдері қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша іске асырылған шаралар туралы баяндап, олардың еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі алдағы жоспарларды талқылады.

ҚМГ Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі ретінде әлеуметтік сипаттағы мәселелерге айтарлықтай көңіл бөледі. 2023 жылы жүргізілген жыл сайынғы Samruk Research Services (SRS) зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, ҚМГ-дағы әлеуметтік тыныштықтың интегралды көрсеткіші 75%-ды көрсетті.

Компанияның әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі қызметкерлердің еңбек және демалыс жағдайын үнемі жақсартып отыруды көздейді. Еншілес кәсіпорындар әзірлеген бес жылдық жоспарлар шеңберінде тамақтандыру, өмір сүру және өндірістік қажеттіліктерге арналған нысандарды салу және жөндеу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. 2024 жылы бұл жобаларға шамамен 17 млрд теңге бөлінді.

Оған қоса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арқылы ҚМГ жыл сайын кәсіпорындары орналасқан өңірлердің дамуына қомақты қаржы бөледі. Бұл қаражатты әкімдіктер жергілікті қоғамдастықтардың қажеттіліктеріне қарай бағыттайды.

Сондай-ақ, қолданыстағы ұжымдық шарттар бойынша ҚМГ кәсіпорындарында қызметкерлерге, олардың отбасыларына және зейнеткерлерге әлеуметтік қолдаудың 50-ден астам түрі көзделген. 2023 жылы осы мақсаттарға 27 млрд теңге бөлінді, ал 2024 жылы шамамен 30 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Қызметкерлермен және олардың өкілдерімен тұрақты байланыс орнатылған. Ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесі тиімді кері байланыс орнатуға арналған. Атап айтқанда, барлық кәсіпорында басшылық еңбек ұжымдарымен әлеуметтік, тұрмыстық және өндірістік мәселелерді талқылау үшін міндетті жоспарлы кездесулер өткізеді. Ішкі коммуникациялар жүйесінің негізгі міндеті – қызметкерлерді өндірістегі мақсат пен міндеттер туралы уақтылы хабардар ету, ұйымдағы жағдайды қызметкерлерге жеткізу, сондай-ақ қызметкерлер көтерген сұрақтарды тыңдау мүмкіндігін береді.

ҚазМұнайГаз әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру, ұжым арасында сенім мен ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс жасай отырып, әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын берік ұстанады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: