Главная Новости ҚазМұнайГаз бен EPAM Systems екіжақты келіссөздер өткізді
20 қыркүйек 2022, 15:28 684

ҚазМұнайГаз бен EPAM Systems екіжақты келіссөздер өткізді

ҚазМұнайГаз бен EPAM Systems екіжақты келіссөздер өткізді

Нью-Йорк қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «EPAM Systems» компаниясының президенті және Директорлар кеңесінің төрағасы Аркадий Добкинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы үшін озық digital технологияларды әзірлеу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚМГ басшысы компанияда қолданылатын цифрлық технологиялар және жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді. Сонымен қатар цифрлық даму саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайту маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Аркадий Добкин ҚМГ-мен жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға қызығушылық танытып, «ҚазМұнайГаздың» өндірісті цифрландыру, соның ішінде бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру саласында үлкен әлеуеті бар екенін атап айтты.

EPAM Systems – бағдарламалық қамтамасыз етуді және күрделі цифрлық платформаларды әзірлеу қызметтерін көрсететін әлемнің жетекші компаниясы. 2021 жылдың қорытындысы бойынша компанияның табысы 3,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: