Главная Новости ҚазМұнайГаз және Татнефть өзара ынтымақтастықты дамытуда
29 апреля 2021, 13:27 1272

ҚазМұнайГаз және Татнефть өзара ынтымақтастықты дамытуда

ҚазМұнайГаз және Татнефть өзара ынтымақтастықты дамытуда

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАО бірқатар құжатқа қол қойды. Аталған шара Қазан қаласында Еуразиялық экономикалық кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин, Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин, Татарстан Президенті Рустам Минниханов, ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «Татнефть» бас директоры Наиль Магановтың қатысуымен өтті.

«Бутадиен» жобасы аясында тараптар жобаны іске асырудың жол картасына және негіздемелік келісімшартқа қол қойды. Құжаттарға сәйкес жобалау компаниясы құрылып, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бірге инвестиция алдындағы кезең жүргізіледі.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутек кен орындарын геологиялық барлау және игеру саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі ниеті туралы келісімге де қол қойылды. Құжат аясында Қазақстанда геологиялық барлау және мұнай-газ өндіру жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін зерттеу мен бағалау үшін іс-шаралар кешенін өткізу, осы салада бірлескен ғылыми техникалық жобаларды ұйымдастыру, техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, геологиялық-техникалық іс-шаралар мен мұнай беруді ұлғайту әдістерін таңдап және іске асыра отырып, кен орындарды игеру мен жабдықтау жұмыстарын жобалау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, келісім Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде баламалы жаңартылатын энергия көздері саласында бірлескен мүмкіндіктерді қарастыруға жағдай туғызады.

«Бүгін қол қойылған құжаттар «Татнефть» компаниясымен жемісті ынтымақтастығымыздың жалғасы болып отыр. Геологиялық барлау, кен орындарды игеру және мұнай химиясы саласында жиналған мол тәжірибеміздің бірігуі қос компанияның одан арғы тиімді жұмысына септігін тигізетініне сенімдімін. Біздің ынтымақтастығымыз мұнай-газ кешеніне және жалпы еліміздің экономикасына инвестициялар мен технологиялар әкеліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек», – деп атап өтті ҚМГ басшысы Алик Айдарбаев.

«Татнефть» және «ҚазМұнайГаз» компаниялары Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың нығаюына, осы қауымдастықтың Экономикалық интеграциясының стратегиясын жүзеге асыруға өз үлесін қосуда. Біз әріптестерімізбен кен орындарды игеру, сондай-ақ ұңғымаларды жобалау, геологиялық-техникалық модельдеу, салу саласындағы технологияларымыз және тәжірибемізбен бөлісуге қуаныштымыз. «Татнефть» әріптестерімен ашық диалог жүргізуге әркез дайын», – деді «Татнефть» бас директоры Наиль Маганов.

Еске сала кетейік, сәуірдің 5-сі күні Қарағанды облысының Саран қаласында «Бутадиен» жобасы бойынша өзара іс-қимылдың негізгі шарттары бойынша келісімге қол қойылды. Жобаны ҚМГ «Татнефть» компаниясымен бірге іске асырып жатыр. Атырау облысында бутадиен каучугін өндіру жобасы 2025 жылға дейін іске асырылады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын қуаты жылына 186 мың тонна бутадиен каучугін және 170 мың тонна изобутанды құрайды. Дайын өнім Қарағанды облысындағы шина зауытына, сондай-ақ Еуропа елдеріне, Ресей, Қытай, Түркия және басқа да мемлекеттерге жөнелтілетін болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: