Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға ресми сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Түрікменнебит» мемлекеттік концерні ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Құжатқа Қазақстан тарапынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ал Түрікменстан тарапынан «Түрікменнебит» Басқарма төрағасы Гуванч Агаджанов қол қойды.
Меморандум мұнай-газ саласында серіктестік аясын кеңейтуге бағытталған және қос тарап үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Компаниялар Каспий теңізінің түрікмен секторында көмірсутек ресурстарын геологиялық барлау, игеру және өндіру саласындағы перспективті жобаларды бірлесіп зерттеп, іске асыратын болады. Басты міндеттердің бірі — өндіру тиімділігін арттыру үшін теңіз бұрғылау қондырғыларын пайдалану және осы бағыттағы тәжірибе және озық технологиялармен алмасу.
Сонымен қатар қабылданған меморандум — Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы энергетика саласында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Аталмыш құжат екі елдің ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестікке ұмтылысын айқындайды.
Айта кетсек, бұдан бұрын ҚМГ еншілес компаниясы — «KMG Drilling&Services» ЖШС Каспий теңізі түрікмен секторында бұрғылау қызметтерін көрсетуге Dragon Oil Turkmenistan Ltd. компаниясымен келісімшарт жасасқан болатын. Бұл келісім аясында Шелекен кен орнында Қазақстанның «Satti» өзі көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысы алғаш рет пайдаланылатын болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
192
05 марта 19:08
На 98% за год вырос объем закупок у отечественных производителей фондом "Самрук-Казына"