Главная Новости ҚазМұнайГаз жанар-жағармайға деген сұранысты өтеуді және шығаратын өнім түрлерін арттыруды көздейді
18 шілде 2023, 13:01 1130

ҚазМұнайГаз жанар-жағармайға деген сұранысты өтеуді және шығаратын өнім түрлерін арттыруды көздейді

ҚазМұнайГаз жанар-жағармайға деген сұранысты өтеуді және шығаратын өнім түрлерін арттыруды көздейді

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алаңында ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев ұлттық компанияның мұнай өңдеу саласындағы жұмысы, қазіргі ахуалы мен осы бағыттағы жоспарларына арналған пресс-конференция өткізді. 

Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмысының нәтижелері

ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарында 2018 жылы аяқталған жаңғырту жұмысы Қазақстанға Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сай, К-4 сұрыпты отын түрін шығаруға мүмкіндік берді. Жоғары экологиялық стандартты мұнай өнімдерін өндіру арқылы қоршаған орта мен халыққа тиетін зиянды әсер азайды. Сонымен қатар, бензол және параксилол сияқты қосымша құны жоғары экспортқа шығатын өнімдер өндіріле бастады.

Жалпы, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмысы ҚазМұнайГазға өндіріс көлемін және салық төлемдерін арттыруға, сондай-ақ экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берді. Былтыр отандық мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару тарихында болмаған рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мәселен, 2022 жылы мұнай өңдеу көлемі 17,8 млн тоннаға жетті (2015 жылы – 14,2; 2018 жылы – 15,4 млн тонна). Автобензин өндірісі 5 млн тоннаға жетті (2015 жылы – 2,8; 2018 жылы – 4 млн тонна), авиаотын – 666 мың тонна (285; 379 мың тонна), битум – 775 мың тонна (202; 294 мың тонна), дизель отыны – 5,2 млн тонна (3,9; 4,4 млн тонна).

Үш кәсіпорын (Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ), Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ПҚОП) бойынша жиынтық салық төлемдері 2022 жылы 400 млрд теңгеге жетті, 2017-2019 жылдары бұл көрсеткіш 100 млрд теңгеден аспаған.

Жанар-жағармай сапасын арттыру есебінен автокөліктерден бөлінетін газ құрамындағы зиянды заттар көлемі күрт төмендеді: мотор отындарындағы күкірт мөлшері 10 есе, бензиндердегі бензол мөлшері 5 есе, хош иісті көмірсутектер (қара түтін көзі) 1,5 есе азайды.

Зауыттардың операциялық тиімділігін арттыру

Отандық мұнай өңдеу зауыттары 2017 жылға дейін жыл сайын күрделі жөндеу жүргізуге қойылатын ескірген талаптармен жұмыс істеп келді. ҚМГ бастамасымен жөндеу жұмыстарын жүргізудің заманауи ережелері – «ұлттық стандарт» талаптары енгізілді. Жаңа ережелер мен жөндеу аралық кезеңнің ұзаруына байланысты кәсіпорындардың күрделі жөндеуге жабылу уақыты 120-дан 60 тәулікке дейін қысқарды. 2017 жылы зауыттар жөндеуге байланысты жұмысын 140 күнге тоқтатса, былтыр тек 41 күнге жабылды.

Өнімділікті арттыру жолында қолға алынған маңызды шаралардың бірі – кәсіпорындар жұмысын дербес жүргізу мүмкіндігі. Мәселен, ҚМГ Атырау мұнай өңдеу зауыты тұрақты жұмыс істеу үшін электр қуатымен қамтамасыз ететін жеке станция салу жоспарлануда.

Мұнай өңдеу көлемін арттыру

ҚМГ-нің мұнай өңдеудегі стратегиялық мақсаттарына жанар-жағармайға артқан сұранысты өтеу және шығаратын өнім түрлерін көбейту жатады. Бұған қол жеткізу үшін кәсіпорындарда озық технологиялар енгізіліп, технологиялық процестерді автоматтандыру, кадрлық әлеуетті дамыту, ұзартылған жөндеу аралық кезеңге көшу секілді шаралар іске асырылып жатыр.

Қазіргі уақытта бұл мақсатта мұнай өңдеу зауыттарында келесі жобалар қолға алынды: ПҚОП – кәсіпорын қуатын арттыру, АМӨЗ – мазутты терең өңдеу есебінен жеңіл мұнай өнімдерін шығаруды ұлғайту, ПМХЗ – қысқы дизель өндірісі, сұйытылған газ құрамында күкіртті азайту.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: