Главная Новости Қазпошта бірінші жарты жылдықты қорытындылады
18 шілде 2023, 14:00 1435

Қазпошта бірінші жарты жылдықты қорытындылады

Қазпошта бірінші жарты жылдықты қорытындылады

Қазпоштада шілденің 13-14-інде орталық аппарат және филиал басшыларының қатысуымен жиын өтіп, онда бірінші жартыжылдықтың қорытындылары шығарылды. Еліміздің 14 облысы мен мегаполистердегі поштамт өкілдері қатысқан кездесуде, Қазпошта төрағасы Әсел Жанасова сөз сөйлеп, компаниядағы келелі мәселелерге тоқталып өтті.

«Қазпоштаның жыл сайын шығынға батып отырғанын ескерсек, бүгінде азаматтар бізден заман талабына сай өзгергенімізді талап етіп отыр. Яғни, Қазпошта клиент талабына сай қызмет сапасын көтеріп, олардың сұранысын толықтай қанағаттандыруы тиіс. Ол үшін поштаның өңірлердегі филиалдарының алар орны ерекше. Себебі клиентпен тікелей жұмыс істейтін сіздерсіздер. Сондықтан баршаларыңыздан жұдырықтай жұмылып, Қазпоштадағы қызмет сапасын арттырып, қоғам алдындағы беделін арттыруға аямай күш жұмсауға шақырамын», - деді басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Жиын барысында келесі сөз кезегі Жобалық кеңсе директоры А. Кескінбаевқа берілді. Ол өз кезегінде ұйымның биылғы жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыс қорытындыларымен бөлісіп, қатысушыларға презентацияны назарға ұсынды.

«Қазпоштада шығын көлемі тек 2022 жылы 12,5 млрд. теңге болғаны баршаға мәлім. Айта кетерлігі, аталған сома биылғы бірінші жарты жылдықта барынша қысқарып, болжалды 10 млрд теңгенің орнына, бар жоғы 300 млн теңгені құрады. Біз үшін бұл - зор жетістік», -  деді ол.

Одан бөлек басқосуда СЕО «Kazpost Digital» Ә. Нұрғалиева ұлттық пошта операторын заман талаптарына сай дамыту, оның ішінде процесстерге түрлі ақпараттық технологияларды енгізу жоспарымен таныстырып өтсе, Халықаралық бизнес жөніндегі басқарушы директор С. Пак Қазпоштаның электронды сауданы дамыту және шетелдік танымал маркетплейстермен байланыс орнату мүмкіндігі жайлы әңгімелеп берді.

Аймақ филиалдарының қатысуымен өткен отырыста, поштаның мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігі жайлы да айтылды. Естеріңізде болса, Қазпошта биылдан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп Алматы, Жетісу, Павлодар, Атырау, Қызылорда және Ақмола облыстарындағы ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде 27 мемлекеттік қызметті ұсынып отыр. Шалғайдағы ауыл-аймақ тұрғындарына бұл шешім уақыт үнемдеп, күнделікті тұрмысқа қажет көптеген мемлекеттік қызмет түрлерін өз ауылында отырып-ақ алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет жөніндегі басқарушы директор Д. Бекмановтың сөзінше алдағы уақытта аталған қызмет түрлерінің саны көбейіп, пилоттық жоба басқа да бірнеше өңірде жалғасатын болады.

Тағы бір айта кетер жайт, ұлттық пошта операторы пошта қызметтерінен бөлек, тұрғындарға бүгінде түрлі қаржылық, брокерлік және агенттік қызметтер де ұсынып отыр. Компанияның бұл бағыттағы әлеуетімен Қаржы қызметтері жөніндегі басқарушы директоры Ш. Абирова таныстырды. Ол филиал жетекшілеріне Қазпоштаның қаржылық жағдайын дәл осы қызмет түрлерін ұсыну арқылы жақсартуға болатынын мәлімдеп, осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Күн соңында екінші тоқсан қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен филиал анықталып, оларға арнайы кубок табысталды. Бұл жолы кубок Шымкент поштамтынан Алматы поштамтына өтіп, оңтүстік астана поштамтының қызметкерлері үздік деп танылды. Осылайша, Жобалық кеңсе директоры А. Кескінбаев филиал басшысы А. Садықоваға кубокты табыс етті. Айта кетерлігі, аталған поштамт ұлттық пошта операторының 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейтін, 71 өндірістік нысаны бар ең ірі поштамты болып саналады.

Компания басшылығының айтуынша, бұл әдіс филиал мамандарына үздік нәтиже көрсетуге ынталандырып, оларға жалақыдан бөлек сыйақы алуға мүмкіндік береді.

Кездесудің екінші күні филиал басшыларына түрлі тақырыптағы семинар-тренингтар ұйымдастырылып, оларға корпоративтік инновациялар, коммуникациялық стратегия және клиентке басымдық беру тетіктері таныстырылды.

Екі күнге созылған айтулы жиынды «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова қорытындылап, филиал жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

«Компанияның аяқтан тік тұрып, қарқынды дамуында сіздердің үлестеріңіз зор болуы керек. Ол үшін, барлықтарыңыздан халықпен, клиенттермен, бөлімше қызметкерлерімен жиі кездесіп, өзекті мәселелерді сол жерде тез әрі нақты шешулеріңізді сұраймын. Менің, жалпы Қазпоштаның өңірлердегі көзі мен құлағы сіздерсіздер, сол себепті бірлесіп, қажырлы жұмыс істейік», - деді басқарма төрағасы Ә. Жанасова.

Сөз соңында, сондай-ақ ол енді мұндай алқалы жиын тоқсан сайын өткізіліп тұратынын әрі онда ұйымның жұмысына оң әсер ететін маңызды шешімдер қабылданатынын атап өтті.

Майнұр Жанақова

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: