Главная Новости ҚазМұнайГаз Қазақстан мұнайының 125 жылдығын атап өтті
06 қыркүйек 2024, 11:41 466

ҚазМұнайГаз Қазақстан мұнайының 125 жылдығын атап өтті

ҚазМұнайГаз Қазақстан мұнайының 125 жылдығын атап өтті

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов 5 қыркүйекте Астанада салтанатты жиналыста компания ұжымын кәсіби мерекемен және Қазақстан мұнайының 125 жылдығымен құттықтады. Мерекелік жиында еңбек сіңірген қызметкерлерге мерейтойлық төсбелгілер мен Құрмет грамоталары табысталды.

Асхат Хасенов тәуелсіздік жылдары мұнай-газ саласы ұлттық экономиканың басты қозғаушы күштерінің біріне айналғанын атап өтті.

«125 жыл – бұл тек саланың ғана емес, тұтас елдің тарихы. ҚазМұнайГаз компаниясы мұнай секторын одан әрі дамыту жолында сенімді еңбек етіп келеді.  Қазақстан үшін мұнай – ресурс ғана емес, елдің өркендеуінің маңызды факторы», — деді ҚМГ басшысы. Сонымен қатар әрбір қазақстандық мұнайшы елдің дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні жыл сайын қыркүйектің бірінші жексенбісінде аталып өтіледі. Биыл саланың қалыптасуына 125 жыл толып отыр. Сонау 1899 жылы Атырау облысының Қарашүңгіл кен орнында қазақ жерінде алғашқы мұнай өндіріле бастады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ медалімен марапатталған ардагерлер мен зейнеткерлер: Әбдібек Асқанбеков, Қалия Қасымова, Мұхамбет Көпеев, Балғазы Қитуев, Клара Рахметова, Самат Кәрімов, Сандуғаш Әбдуәлиева, Асқар Бердімұратов, Шолпан Ержігітова.

ҚазМұнайГаз еншілес ұйымдарының марапат алған қызметкерлер тізімі:

  1. Оңал Шодиров — «Өзенмұнайсервис» ЖШС-нің машинисі. ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
  2. Марат Мұқанбетқалиев — «Ембімұнайгаз» АҚ тракторшысы. ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
  3. Қадор Байбакиров — «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС технологиялық қондырғылар операторы. ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
  4. Қосай Алиев — «Өзенмұнайгаз» АҚ ұңғымаларды жөндеуге дайындау операторы. ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
  5. Тасболат Шеруенов — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жөндеу-механикалық цех бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары. ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
  6. Жасұлан Сарқытов — «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС тауарлық операторы. ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
  7. Серікқали Купешев — «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының мұнай құбыршысы. ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
  8. Мұхамбетжан Сыдықов — «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай-газ өндіру операторы. «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
  9. Манепхан Садуақасов— «Қаражанбасмұнай» АҚ геология және кен орнын игеру департаментінің директоры. «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
  10. Сайын Изекенов — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехы бастығының орынбасары. «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

ҚМГ корпоративтік орталығының марапатталған қызметкерлері:

  1. Зухра Баян — мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің бас маманы. ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
  2. Руслан Адиев — тасымалдау және логистика департаментінің бас маманы. ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
  3. Арман Тарғын — ірі мұнай-газ жобалары департаментінің бас маманы. ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
  4. Анар Мурзабаева — мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің жетекші маманы. ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
  5. Нариман Айтжанов — құқықтық қамтамасыз ету департаментінің жетекші заңгері. KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығының медалімен марапатталды
  6. Гүлмира Тұяқбаева — стратегия және инвестиция портфелін басқару департаментінің бас маманы. KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығының медалімен марапатталды
  7. Орынша Ярмухамедова — бизнесті дамыту және дивестициялар департаментінің бас маманы. «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.
  8. Әйгерім Тезекова — құқықтық қамтамасыз ету департаментінің жетекші заңгері. ҚазМұнайГаз Құрмет грамотасымен марапатталды.
  9. Төлеген Ермұхаметов — Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы. ҚазМұнайГаз Құрмет грамотасымен марапатталды.
  10. Назгүл Көбеева — бақылау-ұйымдастыру жұмысы және сыртқы байланыс департаментінің бас маманы. ҚазМұнайГаз естелік белгісімен марапатталды.
  11. Татьяна Борщева — мұнай өнімдерінің маркетингі департаментінің жетекші маманы. Қазақстан мұнайына 125 жыл мерекелік медалімен марапатталды.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: