Главная Новости ҚазМұнайГаз мұнай-газ компаниялары рейтингінде қайта көш бастады
05 желтоқсан 2022, 14:00 405

ҚазМұнайГаз мұнай-газ компаниялары рейтингінде қайта көш бастады

ҚазМұнайГаз мұнай-газ компаниялары рейтингінде қайта көш бастады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпарат ашықтығы рейтингісінде алтыншы жыл қатарынан көшбасшылық орнын сақтап келеді.

2022 жылғы 1 желтоқсанда Мәскеу қаласында БҰҰ-ның ақпараттық орталығында Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF), Creon Group және АКРА рейтинг агенттігі 2022 жылдың еуразиялық «Мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпарат ашықтығы рейтингісінің» қорытындысын жариялады.

2022 жылдың рейтингісінің іріктеуіне Қазақстанның 14 мұнай-газ компаниясы кірді. Рейтинг тізімі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес мұнай, газ конденсатын өндіру және мұнай өнімдерін шығару көлемі бойынша анықталады.

Қазақстандық компаниялар ішінен алтыншы жыл қатарынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ көш бастап келеді, екінші орында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани», ал үшінші орынды «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» иеленді.

Сонымен қатар аталмыш рейтингте Ресей Федерациясының 21 мұнай-газ компаниясы және Әзербайжанның 2 компаниясы ұсынылған.

«Осы жылдар ішінде біздің рейтингіміз кәсіпорындардың экологиялық ашықтығын бағалаудың сенімді құралына айналды. Қазір бұл рейтингке сұраныс бұрынғыдан да арта түсті, себебі мұнай-газ өнеркәсібі Азия, Африка және Таяу Шығыстағы жаңа әріптестеріне тұрақты даму және ESG стандарттары саласындағы көшбасшылығы мен өз жетістіктерін көрсетуі тиіс, – деп мәлімдеді Creon Group директорлар кеңесінің төрағасы Фарес Кильзие. – Біріккен ұлттар ұйымының рейтинг серіктесі ретіндегі ұзақ жылдар бойы көрсетіп келе жатқан қолдауы біз үшін жоғары сапа өлшемі және сонымен бірге одан әрі жұмыс істеу үшін негізгі ынталандыру: рейтингті дамыту векторы тұрақты дамудың дүниежүзілік мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған».

«ҚазМұнайГаз» еншілес және тәуелді ұйымдарымен бірге жыл сайын экологиялық ақпаратты ашу саясатын жүргізеді, біз оған кәсіпорындарымыздың қатысуын жоғары бағалаймыз. Компания еліміздің тұрақты даму мақсатындағы транспаренттік қағидаттарын сақтай отырып, экологиялық жауапты бизнес жолын жалғастырып келеді», – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 01 июня, 2022№№9-10 (191-192) SK NEWS 29 апреля, 2022№№7-8 (189-190) SK NEWS 31 марта, 2022№№5-6 (187-188) SK NEWS 04 марта, 2022№№3-4 (185-186) SK NEWS 31 января, 2022№№1-2 (183-184) SK NEWS 14 декабря, 2021№№23-24 (181-182) SK NEWS 30 ноября, 2021№№21-22 (179-180) SK NEWS 29 октября, 2021№№19-20 (177-178) SK NEWS 30 сентября, 2021№№17-18 (175-176) SK NEWS 31 августа, 2021№№15-16 (173-174) SK NEWS 30 июля, 2021№№13-14 (171-172) SK NEWS 30 июня, 2021№№11-12 (169-170) SK NEWS 31 мая, 2021№№9-10 (167-168) SK NEWS 29 апреля, 2021№№7-8 (165-166) SK NEWS 31 марта, 2021№№5-6 (163-164) SK NEWS 01 марта, 2021№№3-4 (161-162) SK NEWS 29 января, 2021№№1-2 (159-160) SK NEWS 25 декабря, 2020№№23-24 (157-158) SK NEWS 30 ноября, 2020№№21-22 (155-156) SK NEWS 30 октября, 2020№№19-20 (153-154) SK NEWS 30 сентября, 2020№№17-18 (151-152) SK NEWS 28 августа, 2020№№15-16 (149-150)

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: