Главная Новости ҚазМұнайГаз, Сибур және Sinopec полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасының іске асырылуын талқылады
18 сәуір 2024, 14:08 570

ҚазМұнайГаз, Сибур және Sinopec полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасының іске асырылуын талқылады

ҚазМұнайГаз, Сибур және Sinopec полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасының іске асырылуын талқылады

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «СИБУР» ЖШҚ Басқарма төрағасы және бас директоры Михаил Карисаловпен және China Petrochemical Corporation (Sinopec) Президенті Чжао Донгпен кездесті.

Тараптар Атырау облысында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіруге қауқарлы зауыт салу жобасының іске асырылуын талқылады.

«Ортақ күш-жігеріміздің арқасында Қазақстанда ең ауқымды газ-химия жобасын табысты іске асыратынымызға сенімдімін. Бұл жоба ел экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие, сондай-ақ ҚазМұнайГаздың ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына жауап береді», — деп атап өтті ҚМГ басшысы М.Мырзағалиев.

Полиэтилен өндіретін болашақ зауыттың жобалық қуаты — жылына 1,25 млн тонна. Кәсіпорын Қарабатандағы арнайы экономикалық аймақтың аумағында Теңіз кен орнына (Атырау облысы) жақын жерде салынатын болады.

Былтыр 17 қазанда Бейжің қаласында Қазақстан Президентінің қатысуымен ҚМГ, СИБУР және Sinopec полиэтилен өндіру жөніндегі жобаға қатысу үлесін сатып алу-сату шарттарына қол қойған.

Полиэтилен бірқатар тұрмыстық, өнеркәсіптік өнімдер мен тауарлар өндірісінде қолданылады, мысалы, полиэтилен құбырлары, құрылыс және орау материалдары, автокомпоненттер және басқалар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: