Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Егемен Қазақстан» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасында өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалды. Құжатқа «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мен «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев қол қойды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Бүгінгі кездесуіміз өте маңызды деп ойлаймын. Біз «Қазпошта» қызметкерлерінің жанкешті жұмысын өте жоғары бағалаймыз. Себебі жолы жоқ ең қиыр ауылдарға дейін немесе бару қиын өңірлерге дейін сіздер газет-журналдарды жеткізіп келесіздер. Әрине, кейбір мәселелер де бар. Әрине, жұртшылық баспасөздің дер уақытында келуін күтіп отырады. Сондықтан «Қазпошта» қызметіне де сәттілік тілейміз», – деді меморандумға қол қою рәсімінде Дархан Қыдырәлі.
Меморандумға сәйкес «Қазпошта» «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерін дамыту және таралуын кеңейту бағытындағы жұмыстарын күшейтетін болады.
«Қазпошта» ұзақ жылдардан бері Қазақстанның бүкіл өңірінде шығатын әрі республикадағы ресми және іскерлік ақпараттардың басты дереккөзі саналатын «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерімен ынтымақтастықты жолға қойған. Біз баспа басылымдарын жазылу бойынша еліміздің, тіпті ең шалғай елді мекендеріне де жеткізіп береміз. Бұл қазақстандықтардың өзекті әрі сенімді ақпараттарды білуі үшін жасалады. Басылымды тарату жөніндегі қызметімізді қолдау және кеңейту бөлігіндегі ынтымақтастығымыз жемісті боларына сенемін», – деді өз кезегінде Серік Саудабаев.

Айта кетейік, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы газеттеріне 2022 жылға (ескерту: тек «Қазпошта» желісі арқылы 1 жылға толық жазылу керек, ұтыс жүлдегерлері желтоқсан айында анықталады) толық жазылған оқырмандар арасында ұтысқа смартфондар ойнатуды жоспарлап отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
48
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
63
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды