Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Маңғыстау теміржолына алғаш рет пошталық вагон үш күнде келіп жетті. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін арнайы жабдықталған вагонды «Қазпошталықтар» мен қала тұрғындары қуанышты көңіл күймен күтіп алды.
2 сәуір күні Алматы -2 станциясынан №77 «Алматы – Маңғыстау » бағытында жолға шыққан жолаушылар пойызының құрамындағы пошта вагоны үшінші тәулікте Маңғыстауға келді. Осылайша жаңа бағыттың арқасында хат-хабарлар мен сәлемдемелерді жеткізу уақыты қысқарды. Бұған дейін жүктер Ақтөбе облысына келіп сұрыпталатын. Сонан соң Маңғыстау облысына жөнелтіліп, жеткізілім бір аптаға, тіпті он күнге созылатын.
Жақсы жаңалықты ән-күймен, шашу шашып қарсы алған жұртшылық сенімді және уақыты әлдеқайда тез келетінге өзгерген поштаның жаңарған қызметі үшін қуанышты екендіктерін жеткізіп жатты.
«Осыны іске асыруға оңтайлы шешім табылмай жүргеніне 17 жыл болып еді. Басқарма төрайымы Әсел Жанасова «Қазақстан темір жолы» Ақ бірлесе жұмыс істей отырып, пошта вагонын жолаушылар пойызына қосты. Алматыдан келе жатқанда оңтүстікпен жүріп отырып, яғни Шу, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Шалқар, Бейнеу елді мекендерінде пошта алмасады. Астана пойызы арқылы еліміздің солтүстік өңірінен күнара, яғни 2 күн сайын пошта алмасып отырмыз. Ал елдің батыс аймағына Ақтөбеден күнделікті келетін пойыз арқылы пошта қызметі көрсетіледі»- дейді «Қазпошта» АҚ Маңғыстау облысы филиалының директоры Нұрболат Ақтаев.
Пойыз Маңғыстаудың соңғы станциясына 3-ші күні келіп, пошта вагоны түсіріледі. Келесі күні «Маңғыстау –Алматы» бағытындағы №78 жолаушылар пойызының құрамымен Алматыға кері қайтады.

Теміржол арқылы жедел жеткізудің жаңа бағытын қосқан «Қазпошта» АҚ қалалар мен аудандар арасындағы байланыстың дамуына ықпал етпек. Сондай-ақ, Нұрболат Ақтаевтың айтуынша болашақта ірі электронды сауда платформалары да Қазпошта қызметін қолданады.
«Жекелеген курьерлік, логистикалық компаниялар, карголар Маңғыстауға тауар жөнелту үшін үлкен жүк көліктерін, өзге вагондарды немесе басқа да жолдарды пайдаланады. Енді үш күндік бағытқа ауысқан соң олар біздің қызметті қолдана бастайды деп ойлаймын. Мәселен қазіргі күні «Али экспресс» тауарларды Қазпошта арқылы жіберіп отыр. «Озон», «Вайлберис» сауда платформалары Ақтау қаласындағы 32 б шағынаудан, 7 ғимаратта өз нүктелерін ашып, «Пиндуодуо» сауда желісі Казпоштамен бірге серіктес болып жұмыс істегелі жатыр. Мұның барлығы «Қазпошта» үшін үлкен жетістік» ,- деді Нұрболат Амангелдіұлы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
277
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи