Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтөбеде «Атамекен» өңірлік палатасы және «Қазпошта» «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылардың өнімдерін ілгерілету мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы мақсатта «Қазпошта» шалғай ауылдардың тұрғындары үшін маркетплейсті іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП.
«Негізгі мақсаты - тұтынушыны өндірушімен, облыс ауылдарының кәсіпкерімен және бірінші кезекте «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларымен байланыстыру. Бұл ауыл кәсіпкерлерінің өнімдерін қалаға ауылдан, қаладан ауылға жеткізу. Әсіресе шалғайдағы ауылдарда тұратындар үшін. Қазіргі уақытта Қазпошта бағыттары өңірдің 65 ауылына барады. Бұл логистикада ауыл кәсіпкерлеріне көмектесуге үлкен мүмкіндік бар. Маркетплейс қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр, Еліміздің бірнеше өңірінде - Түркістан, Алматы, Астана, Солтүстік Қазақстанда», — деді «Қазпошта» АҚ филиалының директоры Шынар Нұрмұханбетова.
Қазіргі міндет - ауыл кәсіпкерлеріне ақпаратты жеткізу: тауарды тіркеу, орналастыру процесі, логистиканы құру.
«Кәсіпкерлер палатасы осы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Сонымен қатар, біз облыс аудандарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдеріне баса назар аударамыз. «Ауыл аманаты» қатысушыларына бұл алаң логистикаға, сауда орындарын сақтауға, жалға алуға үнемдей отырып, шағын шығындармен облыста ғана емес, сонымен қатар өңірден тыс жерлерде клиенттік базаны кеңейтуге мүмкіндік береді. Біздің ынтымақтастығымыздың келесі қадамы аудандарға, оның ішінде маркетплейстің тұсаукесерімен бірге бару болады», - деді өңірлік палата директоры Дидар Боранқұлов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
137
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»