Главная Новости Қазпошта және Samsung цифрлық жобаларды бірге жүзеге асырады
13 қазан 2021, 11:36 935

Қазпошта және Samsung цифрлық жобаларды бірге жүзеге асырады

Қазпошта және Samsung цифрлық жобаларды бірге жүзеге асырады

Бүгін Қазпошта мен Samsung Electronics ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар цифрландыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.

Келісімдер негізінде Ұлттық пошта операторы серіктестен мобильді құрылғыларды сатып алады. Бұл девайстарға сұрыптау орталықтарында тиеу және түсіру кезеңдерінде пошта жөнелтілімдерінің штрих-кодтарын сканерлеу үшін Қазпоштаның өндірістік объектілерінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған бағдарламалар орнатылады. Цифрлық өнімдер пошта жөнелтілімдерін өңдеу жұмыстарын жылдамдату және оның барысында орын алуы ықтимал қателіктерге жол бермеу үшін қолданысқа енгізіліп отыр.

«Бүгінде Қазпоштаның тиімділігін арттыруға, ағымдағы өндірістік процестерді және сервис сапасын жетілдіруге басымдық беріледі. Бұл бағытта біз нақты және мақсатты жұмыс жүргіздік. Өзіміздің ақпараттық бағдарламаларымыздың көмегімен еңбекті көп қажет ететін технологиялық процестерді оңтайландырдық және автоматтандырдық. Бұл жаңашылдықтардың қолданылу тиімділігіне құрылғылардың өнімділігі үлкен әсерін тигізеді. Қызметкерлер жылдам түрде еңбек етуі үшін ешбір ақаусыз және  және жоғары шапшаңдықта жұмыс істейтін электронды құрылғылар қажет. Бұл бағытта біз Samsung Electronics компаниясымен іскерлік қарым-қатынасты нығайттық", – деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев. 

«Қазпошта» АҚ пошта-логистика саласында өз ресурстарын белсенді түрде кеңейтіп, транзиттік ағындарды ұлғайту үшін жаңа көлік дәліздерін дамытуда және өндірістік процестерді оңтайландыруда. Компания Даму стратегиясына сәйкес сервистерді жетілдіруге және қызметті трансформациялауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады. Олардың бірі – отандық және шетелдік компаниялармен әріптестікті нығайту.

«Біз «Қазпошта» АҚ – мен ынтымақтастыққа қуаныштымыз және серіктестерімізге олардың қызметінде пайда әкеле алатын жаңа мобильді мүмкіндіктерді жасау үшін біздің шешімдерімізді одан әрі дамытатын боламыз», – деді Samsung Electronics Central Eurasia Президенті Санг Юн Ким.  

Қазпошта қолға алған жаңашылдықтар пошта-логистикалық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. Осы жылы компания контейнерлік тасымалдар мен жүктерді паллетизациялауды енгізді. Бұл пошта жөнелтілімдерінің деформациялану ықтималдығын азайтады және контейнердегі жөнелтілімдерге қолжетімділікті шектейді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: