Главная Новости Қазпошта жаңа курьерлік өнімдерді қолданысқа енгізді
31 тамыз 2021, 11:45 1608

Қазпошта жаңа курьерлік өнімдерді қолданысқа енгізді

Қазпошта жаңа курьерлік өнімдерді қолданысқа енгізді

«Қазпошта» АҚ клиенттерге өңдеудің әр кезеңінде жүйелі бақылау орната отырып, жаңа курьерлік өнімдерді ұсынады.

Қазақстанның Ұлттық пошта операторы соңғы жыл ішінде қызмет сапасын жетілдіруге баса назар аударды. Дэшбордтар, процестерді автоматтандыру есебінен пошта жөнелтілімдерін өңдеуге, түсіруге және артуға қажетті уақытты қысқартуға арналған мобильді қосымша, курьерлерге арналған Go Post қосымшасы, сәлемдемелерді паллетизациялау және контейнерлеу іспетті технологиялық құралдар көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін қолданысқа енгізілді.

«Біздің компания орташа алғанда күніне 40 мыңнан астам және жылына орта есеппен 15 миллионнан артық пошта жөнелтілімін өңдейді. Әрбір пошта жөнелтілімінің мәртебесін қадағалауға жаңа технологиялық шешімдер көмектеседі. Мысалы, Дэшбордтар бізге онлайн тәртіпте жіберу, жеткізу мерзімдерін және басқа да өндірістік көрсеткіштерді бақылауға мүмкіндік береді. Оның ішінде күтілетін пошта көлемін жоспарлауға. Дэшбордтардың деректері біздің корпоративтік клиенттерімізге көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау үшін де ұсынылады. Сонымен қатар, біздің @KazPostBot Telegram-ботына жазылған клиенттеріміз пошталық жөнелтілімді жеткізуге беру туралы, оны сәтті тапсыру немесе клиенттің үйінде болмауына байланысты жеткізілмегені туралы хабарлама алады», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ пошта сервисі жөніндегі басқарушы директоры Әлия Сүгірбаева.

Сонымен қатар, Қазпошта Go post express, Go Post standard, Go post city, Go post Home сияқты EMS қызметтерінің жаңа оңтайлы пакеттерін әзірледі. Оның аясында сәлемдемені алған кезде курьерге қолма-қол ақшасыз төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Go post express облыс орталықтары арасында және одан төмен жерлерге салмағы 30 кг дейінгі EMS пакеттері мен сәлемдемелерді әуе көлігімен жеткізуді қарастырады. Go Post standard аясында ҚР облыс орталықтарына дейін және одан төмен жерлерге салмағы 30 кг дейінгі EMS пакеттері мен сәлемдемелерді жер үсті көлігімен жеткізіледі. Go post city қала ішінде EMS пакеттері мен сәлемдемелерді жеткізуге бағытталған. Go Post Home бойынша супермаркеттерден сәлемдемелерді үйге немесе кеңсеге дейін жеткізу ұсынылады.

Бүгінгі таңда GoPost Home қызметі облыстық маңызы бар барлық қалаларда жүзеге асырылады және сәлемдемелер супермаркеттерінде қолжетімді. Жеткізу құны 1 000 тг құрайды, бір мекенжайға 5 сәлемдемеге дейін жеткізуге болады. Бұл жағдайда тек бірінші сәлемдемені жеткізу бағасы 1 000 теңгені құраса, ал кейінгі сәлемдемелерді жеткізу құны 200 теңгеден болады. Бір жеткізілімнің салмағы 14 килограммнан аспауы керек.

Қызмет @KazPostBot Telegram-бот арқылы іске асырылады. Сәлемдеме алушы оған жазылса, пошта жөнелтілімі келген кезде @KazPostBot Telegram-боты арқылы хабарландыру жіберіледі. Егер клиент жеткізуге тапсырысты күндізгі сағат 16-00-ге дейін растаса, сәлемдеме сол күні үйге дейін жеткізіледі. Алдағы уақытта "GoPost Home" қызметі 1499 байланыс орталығы арқылы қолжетімді болады. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: