Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазпошта» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол билеттерін сату және қайтару бойынша қызметтің қайта жанданғаны туралы хабарлайды. Енді клиенттер пойызға билеттерді сатып алып, бағыттарды таңдау бойынша тікелей «Қазпошта» бөлімшелерінен консультация ала алады.
Бұл бастама интернетке қолжетімділік шектелуі мүмкін шалғай өңірлердің тұрғындары үшін де маңызды. «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова: «Шалғай аудандардың тұрғындары билеттерді онлайн сатып алуды әрдайым пайдалана алмайды және олардың тарапынан бұл қызмет сұранысқа ие. Билеттер Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы кассаларда және «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми сайтында сатылады.
Теміржол билеттерін сату және қайтару бойынша қызмет ел бойынша «Қазпошта» АҚ-ның 2000-нан астам бөлімшелерінде қолжетімді. Клиенттер өздеріне ыңғайлы күндер мен бағыттарға билеттерді оңай және тез сатып ала алады, ал қажет болған жағдайда билеттерді қайтара алады.
Бұған қоса «Қазпошта» АҚ жақын арада QazPost App мобильді қосымшасы арқылы теміржол билеттерін сату және қайтару бойынша жаңа онлайн-сервисті іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа сервис интуитивті және ыңғайлы болмақ, бұл клиенттерге қажетті билеттерді тез табуға және оңтайлы бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді. Қосымша пойыздардың кестесін, билеттердің болуы туралы ақпаратты, олардың құнын және ерте брондау мүмкіндігін қамтитын болады.
«Қазпошта» АҚ сервисті жақсарту және өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін жұмыс істеуді жалғастыруда. Компания бөлімшелер арқылы темір жол билеттерін сатуды жандандыру және жаңа онлайн-сервисті іске қосу көптеген клиенттерге айтарлықтай жеңілдіктер мен ыңғайлы болатынына сенімді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
97
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
105
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы