Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазпошта» АҚ корпоративтік оқыту орталығы 1-маусым – балаларды қорғау күніне орай, қоғам басшылығы, орталық аппарат және «ЖҚКО» филиалының кәсіподақтарымен бірлесіп қызметкерлердің балаларына мерекелік іс-шара ұйымастырды. Оған Қазпошта қызметкерлерінің 11 жасқа дейінгі балалары қатысты.
Мерекелік бағдарлама балаларды қарсы алу рәсімінен басталды.
Кейін бүлдіршіндерге аниматорлардың шоу бағдарламасы ұсынылып, олар ойын ойнап, би биледі.
Сондай-ақ жеткіншектерге дәмді пицца мен сусындар тараталды.
Мерекелік шарадан Қазпоштаның жастар кеңесі мүшелері де қалыс қалмады. Олар балаларға ойындар ойнатып, тәтті сыйлықтар таратты.
Айта кетерлігі, Қазпошта қызметкерлерінің балаларына мұндай мерекелік шара жыл сайын ұйымдастырылады.
«Балаларға осындай мерекелік көңіл-күй сыйлаған кәсіподақ пен жастар кеңесіне мың алғыс. Бүгінгі мерекелік шарада бәрі болды: түрлі ойындар, ән, би, тәтті пицца мен сусындар таратылды. Балаларға бұдан артық қандай бақыт керек? Барлықтарыңызды оқу жылының аяқталуымен, жаздың алғашқы күнімен, балалар күнімен құттықтаймын», - дейді қаржылық қызметтерді сүйемелдеу және қолдау басқармасының басшысы Құралай Ансатова.
Ал, Қазпоштаның жастар кеңесінің төрағасы Мирас Мұхаметқалиев аталған іс-шараға компания қызметкерлерінің 100-ден астам балалары қатысқанын атап өтті.
«Балалар ата-аналарының жұмыс орнын көргілері келеді, сол себепті оларды компания кеңсесінің алдында жинауды жөн көрдік. Мұндай шара бізде жыл сайын ұйымдастырылады. Барлық әріптестерімнің бүлдіршіндерін бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Ал балақайларға бақытты балалық шақ тілеймін», - дейді жастар кеңесінің төрағасы Мирас Мұхаметқалиев.
Балалар бір-бірімен мерекелік бағдарламадан алған әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.