Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Компания 2018 жылғы жұмысының алдын ала қорытындысын жасады. Ұлттық оператор бұл ретте негізгі қызмет түрлерінің көрсеткіштерін елеулі ұлғайтқанын мәлімдеп отыр.
Жедел деректерге сәйкес, «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылғы шоғырландырылған табысы 1 трлн 061 млрд теңгені құрап, бұл 2017 жылға қарағанда 398,9 млрд теңгеге немесе 60 % артық межені бағындыруда. Ұлттық оператор құрамындағы компаниялар тобының салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған пайдасы 201 млрд теңгені төңіректеп, ол 2017 жылғы көрсеткіштен 102 млрд теңгеге немесе 103%-ға артқан.
Алынған пайда Ұлттық операторға ішкі нарықтағы газ бағасының өсіп кетпеуін тежеп тұруға және қазақстандық газ тұтынушыларын субсидиялауға (ішкі нарыққа газ сатудан келген шығын 2018 жылы 36 млрд теңгені құрады), сондай-ақ 573 млрд теңге мөлшеріндегі кредиттік портфельге қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек.
2018 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ бюджетке төленетін салықтар мен басқа да төлемдер үшін 99,5 млрд теңгеден астам сома төлеген. Осылайша еліміздегі ең ірі салық төлеуші компаниялар қатарынан табылуда.
Есепті кезеңде газ өткізу көлемі 22,9 млрд текше метрді маңайлаған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,2 млрд текше метрге немесе 29% көп. Осы орайда, 2018 жылы Қытай Халық Республикасына газды экспортқа жеткізу туралы жасалған шарт, мерзімінен бұрын және толық көлемде орындалған.
Магистральдық тасымалдау көлемі 111,9 млрд текше метрді еңсерген. Ол 2017 жылдың көрсеткішіне қарағанда, 11 млрд текше метрге немесе 11% мол.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
44
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы