Главная Новости «ҚазТрансОйл» АҚ-да өндірістік нысандарын тасқын судан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
19 сәуір 2024, 15:40 598

«ҚазТрансОйл» АҚ-да өндірістік нысандарын тасқын судан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

«ҚазТрансОйл» АҚ-да өндірістік нысандарын тасқын судан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

«ҚазТрансОйл» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) мұнайды сенімді және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Атырау облысындағы өндірістік объектілерінде бөгет тұрғызу жұмыстарын жүргізуде.

Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында ұзындығы 700 метрге жуық қорғаныс бөгеті салынуда. Ал Н.Шманов атындағы мұнай айдау станциясын резервуар паркі жағынан 500 метрлік учаскені бөгетпен қоршауда. «Индер» станциясында ұзындығы 545 метр су тазарту құрылыстары жанында жағаны нығайту бойынша жұмыстар аяқталып қалды. «Үлкен Шаған» және Н.Шманов атындағы станциялары маңында ұзындығы 500 метрлік «Соколок» каналының периметрі бойынша бөгет салынды.

«Өзен – Атырау – Самара» магистральды мұнай құбырының желілік тораптарын, бақылау және басқару пункттерін үйінділермен нығайту жұмыстары атқарылды.

ҚазТрансОйл магистральды мұнай құбырларының суасты және әуе өткелдері бойынша су деңгейінің едәуір артуы байқалатын учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: