Главная Новости «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Грузиядағы еншілес ұйымы EcoPorts сертификатын алды
18 қазан 2024, 14:00 50

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Грузиядағы еншілес ұйымы EcoPorts сертификатын алды

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Грузиядағы еншілес ұйымы EcoPorts сертификатын алды

«Батуми теңіз порты» ЖШҚ («ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы 100% акцияларды басқаруға айрықша құқықтарға ие) экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық EcoPorts стандартының талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алды.

Бұл стандарттың талаптарын енгізу «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-ның порттық, тиеп-түсіру және көліктік операцияларын экологияландыруға ықпал етеді. Европалық стандартқа сәйкес мәртебені алу компанияның инвестициялық тартымдылығын арттырып, Еуропалық және Дүниежүзілік банктер тарапынан жобаларды қаржыландыру үшін қолдау алуға мүмкіндік береді, бұл шара «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-ның әрі қарай дамуына бағытталған.

«Батуми теңіз порты» ЖШҚ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) және ECO Sustainable Logistics Chain Foundation (ECOSLC) көмегімен «Promoting Green Ports and Connectivity» («Жасыл порттар мен байланыстар») жобасы аясында сертификатталды.

«Батуми теңіз порты» ЖШҚ экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық EcoPorts стандартының талаптарына сәйкестік сертификатын алған Грузиядағы бірінші порт болды.

EcoPorts – еуропалық порттар секторының негізгі экологиялық бастамасы. Еуропалық теңіз порттары ұйымына (ESPO) интеграцияланған.

Сонымен қатар, 2009 жылдан бері «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-да ISO 14001 халықаралық стандартының талаптарына жауап беретін экологиялық менеджмент жүйесі қолданылып келеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етеді және басқарады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған мұнай газын, сондай-ақ олардың өңделген өнімдерін қайта тиеу, айдау, сақтау бойынша өз айлақтарын, технологиялық құбырларды және резервуарларды пайдалана отырып қызмет көрсетеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: