Главная Новости ҚБМ басшылығы І жартыжылдық қорытындысы бойынша ұжымға есеп берді
09 тамыз 2023, 08:30 1222

ҚБМ басшылығы І жартыжылдық қорытындысы бойынша ұжымға есеп берді

ҚБМ басшылығы І жартыжылдық қорытындысы бойынша ұжымға есеп берді

Қаражанбас кен орнында «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ІІ вахтаның еңбек ұжымына есеп беру кездесуін өткізді. Басшылық 6 айдың қорытындысы бойынша компанияның негізгі өндірістік, қаржы-экономикалық, кадрлық-әлеуметтік, шаруашылық жұмыстарының нәтижесін таныстырып, алдағы жоспарларға тоқталды.

Алғаш болып сөз алған ҚБМ Бас директоры Нұрсейіт Союнов еңбек ұжымына өндірістік бағдарламаларды орындау жолында бірлікпен атқарып келе жатқан адал еңбегі үшін алғыс білдірді. Жыл басынан бері жоспарланған 1 074,492 мың тонна мұнайдың 1 054,668 мың тоннасы өндірілді. Осы уақыт ішінде МАЭК мекемесі тарапынан бірнеше апаттық ажырау және шектеу жағдайы орын алды, бұл жартыжылдық жоспарына 19 мың тоннадан астам шығын әкелді. Осындай кедергілерге қарамастан, Қаражанбас жұмысшыларының табанды еңбек етуі арқасында жоспар 98 пайызға сәтті орындалды.

Бұл тұста бұрғылау және ұңғымаларды жөндеушілердің жемісті еңбегін атап өткен жөн. Жыл басынан бері кен орнында 97 жаңа ұңғыма бұрғыланды. Ағымдағы жөндеу жоспары 1 624 ұңғыма болса, жұмыс 216 ұңғымаға артық орындалып, 1 840 ұңғыманы құрады. 71 ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізілді.

Есеп беру кездесуі әрі қарай негізгі блоктар мен департамент басшыларының баяндамасымен жалғасты.

Мұнайшылар денсаулығы мен қауіпсіздігі, қоршаған ортаға қамқорлық - басты қағидат. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау департаменті (ЕҚ, ҚТ және ҚОҚД) директоры Наурызбек Дүйсекенов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Жыл басынан бері кен орнында 3 жазатайым оқиға тіркелді, олардың екеуі өндіріспен байланысты емес жағдай. 2022 жылдың қорытындысымен салыстырсақ, компанияда қабылданған қауіпсіздік шаралары нәтижесінде өндірістегі жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың саны төмендеді. Өткен жылдың тамыз айында енгізілген «Қорғау» бағдарламасы да өз оң нәтижелерін беріп келеді.

Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту басым бағыттардың бірі. Оны жоспарлы түрде жүзеге асыру үшін компанияда тұрмыстық-еңбек жағдайларын жақсарту бағдарламасы жұмыс істейді. Мәселен, Қаражанбас кен орнында жыл басынан бері арнайы техника паркін жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр. Технологиялық көлік департаменті қызметкерлеріне барлығы 120 бірлік көлік табысталды.

Бұдан бөлек, өндірістік процестерді оңтайландыру, еңбек жағдайларын жақсарту, сондай-ақ бақылау және басқару жүйесінің тұрақтылығын қолдау мақсатында екі жаңа операторлық пункт пайдалануға берілді. Сондай-ақ бірқатар цехтарда және кабинеттер мен санитарлық бөлмелерге күрделі жөндеу жүргізілді.

ҚБМ жұмысшылар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарады.

Жұмысшылардың балалары үшін жазғы лагерьлерде демалыс ұйымдастырылды, қызметкерлерді санаторийлер мен курорттарда емдеу қамтамасыз етілді, мұнайшыларға сыйақылар мен басқа да ынталандыру төлемдері уақтылы және толық жүргізілді.

Есеп беру кездесуі соңында жұмысшылар басшылыққа сұрақтар қойды. Тараптар айтылған пікірлерді талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Басшылық әріптестерді алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін бірлескен жұмысты ұйымшылдықпен жалғастыруға шақырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: