Главная Новости ҚБМ жарты жылғы жұмысты қорытындылады
11 тамыз 2022, 10:30 1704

ҚБМ жарты жылғы жұмысты қорытындылады

ҚБМ жарты жылғы жұмысты қорытындылады

«Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы І вахта ауысымы жұмысшыларына 2022 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша есеп берді. Кездесуде өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтау және жұмысшылардың денсаулығын қорғау тақырыптарына басты назар аударылды. Жиналысқа ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев, құрылымдық бөлімшелер мен цех басшылары, сондай-ақ жұмысшылары қатысты.

Алдымен ҚБМ Басқармасы өндірістік көрсеткіштерге тоқталып, стратегиялық жобалардың орындалу барысы және мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту аясындағы шаралар туралы айтты. Оған қоса жұмысшыларға өндіріс алаңдарында қарапайым ережелерден басталатын қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауды ескертті.

«Өндіріс қателіктерді кешірмейді. Сондықтан қауіпсіздік және жұмысшылар денсаулығын сақтау - компаниямыздың басты қағидаты. Біз бәріміз мұнайшылардың вахта ауысымына аман келіп, үйіне сау қайтуын қамтамасыз етуіміз керек. Оған әр жұмысшының үлесі зор», – деп атап өтті Қуанышбай Нұрғалиев.

Бұдан соң еңбек қауіпсіздігі, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Наурызбек Дүйсекенов өткен жылмен салыстырғанда бірінші жартыжылдықтағы өндірістік жарақат санының артқанын атап өтті. Соған байланысты ол ҚБМ тарапынан бірқатар нақты шаралардың қолға алынғанын жеткізді.

Соңғы 6 ай ішінде ҚБМ өндіріс жағынан оң көрсеткіштерге жетті. Бұл туралы өндірістік-техникалық департаментінің директоры Махамбет Елеусінов айтты. Нақтырақ айтсақ, І жартыжылдықта мұнай өндіру көлемі 1 058 мың тоннаны құрады. Осы арқылы жоспар 2,1 мың тоннаға артығымен орындалды. Енді екінші жартыжылдықта бірқатар өндірістік объектілер жүйелерін жаңғырту және автоматтандыруға кірісу жоспарланып отыр.

Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасының бірінші жартыжылдықтағы нәтижесін басқарушы директор Таңатар Жайман таныстырды. Ұжым 6 ай бойы күндізгі жұмыс ауысымының уақытын тиімді пайдаланып, қосымша арнайы техниканы жұмылдыра қызмет етті.

Нәтижесінде жұмысшылар 83 жаңа ұңғыма қазып, жоспарлы көрсеткішті асыра орындады. Сондай-ақ жерасты күрделі жөндеу уақыты қысқарды.

Әрі қарай көлік бойынша басқарушы директор Нұрлан Дүйсебеков интеграциядан кейін атқарылған жұмыстарды ерекше атап өтті. Көлік басқармасында жыл басынан бері автопаркті жаңарту жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Бұдан бөлек, қосалқы бөлшектерді жеткізуді жүйелеу, бокстарда қолайлы еңбек жағдайын ұйымдастыру сияқты бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ал, персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Бауыржан Базарбаев кадр және әлеуметтік сала бойынша жартыжылдық қорытындысын таныстырды. Оның мәліметінше жұмысшыларға материалдық төлемдер толық жүзеге асырылып, мұнайшылардың 2300-ге жуық баласына жазғы демалыс сәтті ұйымдастырылды.

Жиналыс соңында жұмысшылар басшылыққа сұрақ қойып, ұсыныстарын жеткізді. ҚБМ Басқармасы өндіріс үздіксіздігін сақтап, мұнай өндіру көрсеткішін арттыруға үлес қосып келе жатқан әрбір мұнайшыға алғыс айтты. Сондай-ақ еңбек ұжымын оң өзгерістер мен жақсы нәтижелерді еселеу жолында жұдырықтай жұмылуға шақырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: