Главная Новости ҚБМ жастары шағын футболдан үздік үштікке енді
23 қыркүйек 2024, 17:01 65

ҚБМ жастары шағын футболдан үздік үштікке енді

ҚБМ жастары шағын футболдан үздік үштікке енді

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері компанияның жетістіктер қоржынын тағы бір кубокпен толтырды. Бұл жолы әуесқой футболшылар командасы «Риза-Ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен аймақтағы жұмысшы жастар арасындағы аяқдоп жарысында жүлдегер атанды.

Өңірдің өндірістік мекемелеріндегі жас мамандардың бірлігін нығайту және жұмысшы жастар арасында берік қарым-қатынас орнату мақсатында өткен додада жиырмадан астам команда бақ сынады. Қаражанбастықтар алдымен «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жігіттерімен кездесіп, басым түсті. Бұдан соң «Қазпошта» құрамасын 10:2 есебімен жеңді.

Алайда жартылай финалда «ӨзенМұнайГаз» АҚ командасы 4:3 есебімен алға шықты. Шешуші сайыста біздің жігіттер «OilServiceCompany» ЖШС қақпасына 5 гол соғып, үздік үштікке ілікті.

«Турнирге қатысу арқылы біз өзге мекемелердегі әріптестермен танысып, жаңа орта қалыптастырып үлгердік. Өндірісте еңбек ете жүріп, спортқа да қабілетті үзеңгілестердің көп екеніне қуандық. Көп ішінен дараланып, жүлдегер атану оңайға соқпады.

Жастар – қозғаушы күш екенін жауапкершілікпен сезіне отырып, компания намысын тек спортта емес, түрлі бағыттағы сайыстарда қорғау үшін барымызды салуға әрқашан дайынбыз», - деді ҚБМ «Жас маман» кеңесі мүшелері.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: