Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнында Кәсіподақтар күніне орай ІІ вахта ауысымы жұмысшылары арасында спорттық шара өтті. Өндірістік цехтардың құрама командалары 5 спорт түрінен сайысқа түсті. Мұнайшылар волейбол және шағын футбол турнирлеріне қатысып, арқан тарту, кір тасын көтеру және қол күрестен ең мықтыларды анықтады.
Жарыс тартысты футбол матчтарынан басталды. 11 команда керемет кездесулер өткізіп, ақтық кезеңде мұнай өндіру цехы мен электр цехының ойыншылары кездесті. Төрешілер шешімімен ІІІ орынға өндірісті автоматтандыру цехы командасы жайғасты. Ал №3 мұнай өндіру цехының футболшылары ІІ орын, электр цехының командасы I орынды иеленді.

Волейбол сайысы жанкүйерлер жадында жарқын сәттермен қалды. Мұнда да 11 команда мықты соққылар жасап, бәсекеге толы ойын көрсетті. Үздіктер арасынан дараланған ардагерлер құрамасы ІІІ орынға лайық деп танылды. Бу өндіру цехының жігіттері жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал, технологиялық көлік басқармасының командасы жеңімпаз атанды.
Қаражанбастықтар арқан тарту жарысында ең алдымен командалық рух қажет екенін жақсы біледі. Бұл сайыс кезінде жеңіске жету жолындағы сенімділікті арттырады. Көлік басқармасының сенімді және тәуекелшіл жұмысшылары қарсыластардан басым түсіп, І және ІІІ орындарды қанжығасына байлады. Ал ІІ орын № 3 МӨЦ командасына бұйырды.

Білектілер бәсекесінде ең мықтыны анықтау оңай шаруа емес. Алақан айқастырған 10 қатысушы қысқа уақытта үздік нәтиже көрсету үшін тиімді тәсілдерді қолданды. Нәтижесінде ІІІ орынды ТКБ жүргізушісі Канжар Сыдықов жеңіп алды. ТКБ жетекші инженері Ерлан Қайлюбаев қос жарыста оң нәтиже көрсетіп, қол күресінен ІІ, ал кір тасын көтеруден ІІІ орын алды. Кір тасын көтерудің қола жүлдесі ЭЦ электромонтері Абу Баймұратовқа бұйырды. Екі жарыста топ жарған БӨЦ машинисі Бақтияр Тлеубаев жеңіс жолында қарсыластарын басып озды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет грамоталары, кубок, медальдар табыс етілді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
31
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
56
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»
98
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады