Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен экологтардың кәсіби мерекесіне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау қызметі мамандарына құрмет көрсетілді. Бас директор Марат Елеусінов компаниядағы экологиялық саясат пен мұнайшылардың қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген қызметкерлерді мерекемен құттықтап, олардың адал еңбегі мен жоғары кәсібилігін атап өтті.
Қаражанбаста орталық кеңсе мен кен орнын қоса алғанда 18 инженер-эколог еңбек етеді.Олардың жүйелі жұмысы арқасында компанияда жыл сайын түрлі акциялар мен жобалар ұйымдастырылып, оң нәтиже көрсетіп келеді. Нақтырақ айтсақ, кен орнында осыдан 4 жыл бұрын басталған тарихи мұнаймен ластанған орындарды жою және қалпына келтіру жұмыстары жоспарға сай жалғасып келеді. Қазір жерүсті мұнай қалдықтары сақталған үш қойма және Каспий теңізі жағалауында орналасқан қойма толық жойылып, қалпына келтірілді. Сонымен қатар, өндірістік процестен пайда болатын барлық қалдықтар мен лас суды заң талаптарына сайсұрыптау, тазарту, қайта өңдеу немесе жою жұмыстары қарқынды.
«Айналаға ұқыппен қарап, жер-анамызға жанашырлық таныту азаматтық міндетіміз саналады. Біз ҚБМ-ның экологиялық шараларын жүзеге асыра отырып, әр жобаның нәтижелі болуына бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз»,- деді марапат иелері.

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – ҚБМ-ның негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан біздің экологтар тоқсан сайын кен орында экологиялық бақылау жүргізіп, өндірістік нысандардағы қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мен осы бағыттағы тәуекелдерді азайту жолындағы жоспарлы жұмыстарды жандандыра түспек.
115
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
172
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету