Главная Новости «KEGOC» АҚ және China Energy International Group меморандум аясындағы ынтымақтастықты талқылады
05 шілде 2024, 10:30 512

«KEGOC» АҚ және China Energy International Group меморандум аясындағы ынтымақтастықты талқылады

«KEGOC» АҚ және China Energy International Group меморандум аясындағы ынтымақтастықты талқылады

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов China Energy International Group басқарма төрағасы Лю Цзэсянмен кездесті.

Кездесу кезінде тараптар «Солтүстік-Оңтүстік» Тұрақты ток желісін салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу барысына қатысты келіссөздер жүргізді. Жоба Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясына деген қажеттілікті өтеуге, ЖЭК-тің дамуы және жүктемелердің өсуі жағдайында энергия жүйесі жұмысының тұрақтылығын арттыру міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл жоба Қазақстанның электр энергиясын беру бойынша экспорттық және транзиттік әлеуетін едәуір кеңейтеді.

KEGOC басшысы Нәби Айтжанов 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап ынтымақтастықты күшейтіп, іс жүзінде келісілген уағдаластықты іске асыру мақсатында екі жақтың келіссөздер жүргізіп келе жатқанын сөзге тиек етті.

Екі компания арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір маңызды тұсы - China Energy International Group компаниясының электр энергетикасы саласындағы цифрлық шешімдер бойынша (қызмет көрсетуші персоналы жоқ цифрлық қосалқы станциялар, smart grid, smart metering және т.б.) практикалық тәжірибесімен танысу. KEGOC-тың CEIG-пен ынтымақтастығы қытайлық технологияларды өндіріске енгізуді көздейді.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: