Главная Новости KEGOC Астанадағы AIX алаңында Эмитент күнін өткізді
24 июня 2026, 18:44 62

KEGOC Астанадағы AIX алаңында Эмитент күнін өткізді

KEGOC Астанадағы AIX алаңында Эмитент күнін өткізді

Бүгін KEGOC өкілдері инвесторлармен, акционерлермен және қаржы нарығының қатысушыларымен кездесіп, Компанияның 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қызмет нәтижелерімен таныстырды.

Кездесу барысында Компанияның негізгі нәтижелері таныстырылды:

  • 2025 жылдың қорытындысы бойынша түсім көлемі 397,7 млрд теңгені құрады;
  • таза пайда 70,8 млрд теңгеге жетті;
  • 2025 жылы акционерлерге 44,6 млрд теңге көлемінде дивиденд төленді немесе бір акцияға шаққанда 161,90 теңгені құрады;
  • IPO өткізілген сәттен бастап KEGOC акцияларының құны 3 еседен астам өсті;
  • листингтен бері төленген дивидендтердің жалпы көлемі 349,8 млрд теңгеден асты.

Сондай-ақ қатысушыларға 2026 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері ұсынылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда KEGOC-тың түсімі 43,6%-ға, EBITDA көрсеткіші 49,2%-ға, ал таза пайдасы 79,8%-ға артты. Кездесу барысында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар, электр энергетикасы саласының даму перспективалары және KEGOC-тың инвестициялық тартымдылығы талқыланды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: