Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Апат цифрлық майнингті тұтынушылардың қызметімен байланысты емес.
KEGOC АҚ Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің электр энергиясынан ажыратылу себептерін айтты.
«2022 жылғы 25 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:59-да Өзбекстан Республикасында қысқа тұйықталу салдарынан Сырдария ЖЭС-індегі 6 энергия блогы ажыратылып, генерацияның жиынтық шығыны 1500 МВт-тан асты. Өзбекстанның энергия жүйесінде пайда болған қуат тапшылығы Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуге қосылған Қазақстанның энергия жүйесінен қуатты санкцияланбаған іріктеуге алып келді. Салдарынан 500 кВ «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитіне қуат «шамадан тыс жиналуы» орын алып, жүктеме асып кетті. Энергетикалық жабдықтың бұзылуына және елдің оңтүстік облыстарының толық сөндірілуіне жол бермеу мақсатында автоматика әрекетімен Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары оқшауланған жұмысқа ауыстырыла отырып, транзит бөлінді», – делінген хабарламада.
«KEGOC» АҚ-ның аварияға қарсы автоматикасының дұрыс және уақтылы жұмысының арқасында республиканың оңтүстік облыстарындағы барлық электр станциялары жиынтық қуаты шамамен 1500 МВт тұтынушыларды электрмен және жылумен жабдықтауды жалғастыра отырып, жұмыс істеп тұрды.
Осылайша, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушыларды толық ажыратуға жол берілмеді. 500 кВ «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзиті бойынша қуаттың жеткізілуінің болмауына байланысты мәжбүрлі шектеулер шамамен 1800 МВт құрады.
Сол уақытта Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелері барлық электр станциялары мен тұтынушылары ажыратыла отырып, толығымен өшті. Өзбекстанның энергия жүйесінде ажыратылған жүктеме шамамен 9600 МВт (тұтынудың 100%-ы), Қырғызстанда шамамен 2600 МВт (тұтынудың 100%-ы) құрады.
Желі схемасын жедел қалпына келтіру барысында сағат 14:45-те Қызылорда облысы бойынша барлық шектеулер алынып тасталды, 14:53-те Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша барлық шектеулер алынып тасталды. 16.00-ге қарай Қазақстанның оңтүстік облыстарының тұтынушыларын электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.
Қазақстан БЭЖ-і тарапынан қалпына келтіру аясында Қырғызстан мен Өзбекстанның энергия жүйелеріне аталған елдердің электр станцияларына кернеу беру арқылы көмек көрсетілді, бұл оларға қалпына келтіру іс-шараларын бастауға мүмкіндік берді. Қырғызстанның энергия жүйесінің қалыпты режиміне оралуы шамамен бір тәулік уақытты қажет етті. Ағымдағы жылғы 27 қаңтар сағат 14:00-дегі жай-күй бойынша Өзбекстанның энергия жүйесі аварияны жоюды жалғастыруда.
223
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!