Главная Новости KEGOC отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастықты күшейтуде
22 сентября 2025, 15:43 441

KEGOC отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастықты күшейтуде

KEGOC отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастықты күшейтуде

Астанада «KEGOC» АҚ-да қазақстандық кәсіпорындардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Компания отандық өндірушілерден сатып алу үлесін арттыруда: 2022 жылы 54% болса, 2025 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 63%-ды (15 млрд тг) құрады.

Офтейк-келісімшарттар тәжірибесінде де айтарлықтай өсім байқалады: олардың саны 2022 жылғы 4-тен 2025 жылы 10-ға жетіп, жалпы көлемі 20,9 млрд тг-ден асты. Бұдан бөлек, келісімшарттарға «Самұрық-Қазына» қорының Тізіміне енген компаниялардан міндетті сатып алу талабы енгізілуде. Бұл Қордың жергілікті өндірісті және отандық тауар өндірушілерді қолдау бастамаларымен үйлеседі.

Бүгінде KEGOC елдің жетекші кәсіпорындарымен – Asia Trafo, Кентау трансформатор зауыты, Өскемен конденсатор зауыты, Қайнар-АКБ және басқа да өндірушілермен серіктестік орнатып отыр.

 Компания әріптестікті дамытуды, офтейк-келісімшарттарды кеңейтуді және электротехника мен машина жасау салаларында жаңа өндірістерді ынталандыруды жалғастырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: