Главная Новости «Келешек мектептері» жобасындағы мектептердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
11 сентября 2025, 12:10 489

«Келешек мектептері» жобасындағы мектептердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

«Келешек мектептері» жобасындағы мектептердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

11 қыркүйекте Астанада «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтуде. Кеңес отырысы Болат Жәмішевтің төрағалығымен өтіп, «Келешек мектептері» ұлттық жобасына арналды.

Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектеп инфрақұрылымындағы оқушы орындарының жетіспеушілігі, апатты жағдайдағы мектептер және үш ауысымда оқыту сынды негізгі мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылуда.

Ұлттық жоба аясында 2023–2025 жылдары «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы барлығы 208 мектеп салу жоспарланған.

Былтыр 125,8 мың оқушыға арналған 104 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 91,5 мың оқушыға арналған 104 мектептің құрылысы аяқталады.

Айта кетейік, пайдалануға берілген мектептердегі тауарлар мен жабдықтардың орташа есеппен 78%-ы - отандық өндіріс өнімі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: