Главная Новости Кенбайдағы кешенді жұмыстар
30 қараша 2020, 10:14 1629

Кенбайдағы кешенді жұмыстар

Кенбайдағы кешенді жұмыстар

Биыл елімізде ғана емес, әлемде күрделі кезең болғандығына қарамастан, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-на қарасты Кенбай кен орнының мұнай дайындау және айдау цехы жыл соңына үлкен жетістіктермен жетіп отыр.

Цех бастығының орынбасары Мұрат Сакиевтің айтуынша, Кенбай кен орнында қолдану мерзімі аяқталып тұрған мұнай-газ айырғыш қондырғысының 1-сатысы, газ айырғыш қондырғысының 2-сатысы ауыстырылды, Уаз кен алаңында жаңадан НГС іске қосылды. Сондай-ақ, Б.Жоламанов кен орнында мұнай-газ айырғыш қондырғысының 2-сатысы ауыстырылған. Бұған қоса, аталған кен орындарында қолдану мерзімі аяқталған реагенттер блогы, өндірістен келетін 4 жаңа коллектор жаңадан ауыстырылды.

Айта кетсек, реагенттер блогы талапқа сай 20 жыл мерзім бойы қолданылып, ескірген болатын.

– Әлемді шарлаған пандемияға, мұнай бағасының түсуіне қарамастан, жоспарланған жұмыстар іске асып, өндірістегі қондырғылар біраз жаңартылды. Өндіріске жаңадан келген қондырғылар мұнай өңдеуде, дайындауда, айдауда жұмыстың үзіліссіз жүруіне мол септігін тигізеді. Бұл компания басшылығының мұнайшылардың жұмысын жеңілдету бағытында көрсетіп жатқан қолдауы екенін сезінеміз, – дейді Кенбай кен орнының мұнай дайындау және айдау цехы бастығының орынбасары Мұрат Сакиев.

Жұмысшыларға алаңсыз жұмыс істеуіне барлық мүмкіндік туғызу – «Ембімұнайгаз» АҚ басты ұстанған қағидаты. 2018 жылы Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қарасты Кенбай кен орнында өткен салтанатты шарада 100 орындық жатақхана пайдалануға берілді. №3 жатақханаға толық күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

– Осы уақытқа дейін өзекті мәселе болып келген су айдау сорапханасына да күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Нысанның салынғанына да 15 жылдай уақыт өтті. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме қараша айында тапсыруға уәде етіп отыр. Ал құбырларды, сораптарды ауыстыру, жай жөндеу жұмыстарын өз күшімізбен атқарып келеміз, – дейді Мұрат Ақниетұлы.

Қазіргі таңда мұнда бір ауысымда 44 адам еңбек етеді. Жас ерекшеліктеріне келсек, ұжымның денін – орта буын қызметкерлер құрайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: