Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі
Таяуда мұнайшылардың кәсіби мерекесіне орай «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты Кенбай кен орнында өткен салтанатты шарада 100 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Осылайша алдағы уақытта барлық сәйкес нысандар бірыңғай ретке келтірілмек.
«Компанияда жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлініп келеді. «Қайнармұнайгаз» басқармасында 2017 жылы азық-түлік сақтайтын 2 мобильдік вагон, кәріз суын тазалап, буландыратын қондырғы іске қосылды, басқарманың кеңсесі күрделі жөндеуден өтті. Уаз кен алаңында 30 орынды жатақхана ашылды және тағы басқа жұмыстар жасалды. Ендігі алдымызда тұрған мақсат – жатақханаларымызды заманға сай типтік жүйеге көшіру. Осыған орай өткен жылы 500-ге жуық адам жұмыс жасайтын Кенбай кен орнында модульдік жатақхананың құрылысы басталды», - деді кіріспе сөзінде «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев.
Сонымен қатар, салтанатты шараға қатысқан Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженов пен аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали мұнайшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін арнады.
Жаңа жатақхана екі қабаттан тұрады, барлық бөлмелер екі адамға есептелген. Қажетті бөлмелермен, киім кептіретін, үтектейтін бөлмелермен, қажетті техникалармен толық қамтылған.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
52
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы